Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі: Димаштың жұрт білмейтін 20 шақты әні бар

Ата-анасы Димаштың көпшілік біле бермейтін қабілеті туралы айтып берді. Әншінің халыққа таныстырылмаған 20 шақты әні бар екен.

0афы

Бұл туралы Астана арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтылды.

«Димаштың ән жазатын қасиеті бар. Ән деген – отырып алып тапсырысқа жаза салатын немесе көбейте салатын дүние емес. Ол да – көңіл-күй мен жақсы сезімнің нәтижесі. «Ұмытылмас күн» – Димаштың алғашқы туындыларының бірі. Димаштың музыкаға деген көзқарасы мен интеллектісі ерекше. Барлық нәрсені бірден ұнатып, құлай бермейді. Көңіліне қондырып, жүрегінен өткізген дүниелерді ғана сахнаға алып шығады. «Ұмытылмас күн» деген туындысы да ұзақ өңделген болатын», – дейді Света Айтбаева.

Мұнымен қатар, Қанат Мырза ұлының кей әніне сөзді өзі жазып беретінін айтты. Көптеген ақынға жаздырған ән мәтіндері көңілдерінен шықпаған екен.

«Дегенмен, Димаштың жиырмаға жуық әуендері бар. Оның барлығын толық пісіріп, ақындарға сөз жаздыру қажет. Димаштың «Көркемім» секілді ойнақы бір-екі әндеріне сөзді өзім жазып бердім. Кейде сөзін жазғанмен, көкейіңе қонбай тұрады. Сондай әуендерді қойып қоямыз. Ауқымды ойды түйіндейтін тым жақсы әуендері бар. Осыларға ақындарға сөз жаздырып көрген едік, көңілімізге қонбады. Әуен мен сөздің қабысуы өте қиын. Әуен өзінше жақсы, сөз өзінше жақсы. Бірақ екеуі бір-біріне сай келмейді», – дейді Қанат Айтбаев.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш Астанада өтетін концертінде Лара Фабианмен дуэт орындайды

Келіншегі Асхат Тарғынға неке жүзігін тақпауға рұқсат берген

Халықтың сынына қалған Дәурен мен Ақбота жаңа үйге көшетіндерін айтып, сүйінші сұрады (фото)

Қайрат Нұртасты полиция “ұстап алды”

Талқылау