Әкесі де әкім болған: Шымкенттің жаңа басшысы туралы не білеміз
Ерлан Айтаханов отставкаға кеткен Ғабидолла Әбдірахымовтың орнына Шымкенттің әкімі болып тағайындалды. Айтаханов жаңа қызметке тағайындалмай тұрып, Отырар ауданының әкімі ретінде 3,5 жыл еңбектенген. Оның әкесі Қуаныш Айтаханов 2003-2005 жылдар аралығында дәл осы қызметте болған. Жаңа әкім туралы не белгілі екенін Stan.kz материалынан оқыңыз.
Ерлан Қуанышұлы Айтаханов осыдан 48 жыл бұрын, яғни 1971 жылдың 10-шы желтоқсанында Шымкент облысы, Алғабас ауданында дүниеге келген. Айтаханов — 20 және 23 жастағы екі ұлдың әкесі. Ана тілінен бөлек, орыс және ағылшын тілін меңгерген мемлекеттік қызметкер, 1994 жылы М.В. Ломоносов атындағы мәскеулік мемлекеттік университетте экономист мамандығына білім алған.
- Елге оралғанннан кейін еңбек жолын 1994 жылы "Alem Bank Kazakhstan" банкінің экономисті ретінде бастаған. Аталған мекемеде бір жыл жұмыс істеген соң, экономика ғылымдарының кандидаты Орта Азиялық даму және серіктестік банкінде бас маманның қызметіне кіріскен.
- 1995 жылдан бастап екі жыл көлемінде өзін "Газойл" фирмасында қаржылық директор ретінде сынап көрген.
- Айтаханов 1997-2002 жылдар аралығында "Қазақстан темір жолында" жұмыс істеп, бөлім басшысынан қаржы басқармасы жетекшісінің орынбасары, экономика, финанс, бухгалтерлік есеп департаментінің жетекшісіне дейін көтерілді.
- Шымкент қаласының жаңа әкімі 2002 жылы ҚР транспорт және коммуникация министрлігінің қаржылық реттеу департаментінің директоры атанды.
- 2003-2004 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде төраға кеңесшісі болды.
- Келесі жылы қызмет барысымен Алматыға келіп, жоғарыда аталған комитеттің оңтүстік астанадағы департаментінде 2005-2006 жылдары директор ретінде еңбектенді.
- 2006-2007 жылдары Алматы қаласындағы тарифтер басқармасының жетекшісі болды.
- 2009-2012 жылдар аралығында, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайынданып, президент әкімдігінде мемлекеттік инспектордың қызметін атқару үшін елордаға келді.
- Сол жылы, яғни 2014-те ОҚО әкімінің орынбасары атанды. Айтаханов қызмет барысында елдегі экономикалық жағдайларға бей-жай қарамайтынын, облыстағы күрделі мәселелерді шешуге ұмтылатынын көрсетті.
- 2016 жылдан бері ОҚО-дағы Отырар ауданының әкімі қызметін атқарды.
2015 жылы әкімнің орынбасары мәдениет саласындағы түйіткілді мәселердің басын шалды. Ашық далада жөндеусіз қалған ескерткіштерді талқылап, жұмысты көзбояушылық үшін істемеуді сұрады.
"Бізде далада қалған бір мыңнан астам ескерткіштеріміз бар Созақтағы Ақсүмбені мысалға алайық. Ашық далада құрып бара жатыр. Жөнделгенін әлі көрмеппін. Неге осы мәселені көтермейміз? Осы проблеманы шешетін бағдарламаның жоқ екенін айтып жатыр. Сол мәселені неге көтермейміз? Неге шешпейміз?" — деді ол 2015 жылы мәдениет басқармасының есеп беру жиынында.
Сонымен қатар, ол адамдардың неліктен мәдени ошақтарға жиі бармайтынын түсіндірді. "Елді театрға бармайды дейміз, басқа дейміз. Қаншалықты жағдайын жасадық? Сол театрға барып, қойылымдарға қатысу үшін қаншалықты жағдайын жасадық? Орыс драма театры қазақ драма театры болсын, ішіне кіресің, жаурайсың. Киініп отырасың. Көрермендерден қойылымнан кейін сөйлесіп, неге келіп көрмейтінін сұрасақ, кеш қалып кететінін, транспорттың жүрмейтінін айтады. Инфроструктура дамымаған", — деп Айтаханов өзекті мәселелердің дер кезінде шешіліп, тұрғындарға қолайлы жағдайларды жасауды талап етті.
Өзін Қазақстанның нағыз патриоты санайтын Айтаханов жастармен кездесіп, жұмысқа орналасу, баспана табу сынды мәселелерді талқылаудан қашпайды екен. 2015 жылы көлік шатқалында ұйымдастырылған жастармен кездесуде қазақстандық бойжеткен Қазақстанның қоры жастарды баспанамен қамтамасыз етуге жеткілікті екенін айтты. Үй неге бермеске? деп әкімге сұрақ қойды. Жауап ретінде Айтаханов ауданға барса, үйі де, жайы да болатынын айтты.
"Ауданға барасың. Ауданда саған үйде береді, жай да береді, жұмыс та береді. Бізде ол неге проблема? Бізде халықтың саны кем", — деп түсіндірді мемлекеттік қызметкер. Бұл шарада ол ерінбей еңбек еткен адамның жетістікке жететінін ескерді.
Ерланның әкесі Қуаныш саясаттағы мансабын Шымкенттегі облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып бастаған. Арыста ол қалалық кеңестің, қала әкімшілігінің басшысы ретінде еңбектенген. ОҚО-дағы Созақ, Сайрам, Отырар ауданына жетекшілік еткен. 2017 жылға дейін ОҚО атынан Сенат депутаты болған.
Қуаныш Айтаханов "Летопись Сайрама" (2000), "Сайрамда бар сансыз баб" (2001), "Отырар жәдігерлері" (2004), "Шежірелі Отырар" (2005) кітаптарының авторы.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
