Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақерке Тәжібаева Мексика жұртын қобыз үнімен таң-тамаша етті

Ақерке Тәжібаева Қазақстан сахнасында көп өнер көрсетпейді. Бұған себеп те жоқ емес. Ол осы күнге дейін көптеген шетелдік мемлекеттерде қазақтың киелі қобыз өнерін насихаттап жүр екен.

15876818_380455318989619_3223019814846988288_n

Фото: instagram.com/akerke_tazhibayeva/

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

– Сіздің біз білмейтін қандай жаңалықтарыңыз бар?

– Өткен жылы тұрмысқа шықтым. Одан кейін де өнер жолын тастаған емеспін. Корея елінде өнер көрсеттім, халықаралық фестивальге қатыстым. Арада бір апта өткен соң Мексика елінде қылқобызшы ретінде алғаш рет концерт бердім. Одан кейін бірден Испания патшалығына жол тарттым. Сол жерде еліміздің Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған мерекелік кештерде өнер көрсеттім.

– Олар сіздің өнеріңізді қалай қабылдады?

– Көптеген сұхбатта осы сұрақ қойылады. Егер сұраныс болмаса, мені шақырмайтын еді деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін 38 елде қазақтың ұлттық, дәстүрлі музыкасын, қылқобызын танытып жүрмін. Әрбір елге барғанда бұл аспапқа ерекше қызығушылықпен қарайды. Қыл ішектен төгілген үн тыңдаушының жүрегін жаулап, оған рухани азық береді. Бұл аспапта тек Қорқыттың, Ықыластың күйлерін ғана емес, қазір көптеген үлкен қауымды шығармаларды, Қазақстан мен шетел сазгерлерінің туындыларын орындауға болады. Осыдан кейін тыңдаушының қызығушылығы арта түседі. Дисктер туралы сұрайды. Мұнымен қатар, “Осы қобыздың үнін есту үшін Қазақстанға келуге болады екен” деп пікір білдіріп жатады.

16110256_238807233242880_3528739503986442240_n

– Осы аспаппен қазіргі заманауи шығарашаларды орындап жүрсіз бе?

– Қылқобызда алғаш рет заманауи әуенді орындаған мен болатынмын. 1999 жылы халықаралық “Азия даусы” фестивалінде қылқобызды эстрадаға өңдеп, халықтың алдында өнер көрсеттім. 2008 жылы эстрадалық бағыттағы екі бірдей үнтаспам шықты. 2005, 2009, 2013 жж өзімнің жеке концертімді бердім. Бірінші бөлімінде дәстүрлі, екінші бөлімінде эстрада бағытындағы композицияларды орындаған болатынмын.

– Жуырда “Ұлы дала дарыны” атты үлкен байқау болғалы жатыр. Осы байқауда қазылық етеді екенсіз. Осыған тоқталып өтсеңіз.

– 2015 жылдан бастап “Үркер” шығармашылық орталығы қызмет атқарып келеді. Сол шығармашылық орталықтың бастамасымен, идеясымен осындай байқау құрылды. Оның ерекшелігі – үш кезеңнен тұратындығында. Бірінші кезеңінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын дарындарды іріктейді. Жақында Астана қаласында қазылық еттім. 200-ге жуық өнерпаз өз өнерін паш етті. Көпшілігі ақпан айының 17-18-сінде басталатын екінші кезеңге жолдама алды.


Жіберіп алмаңыз:

Есентаева 500 теңгеге алған тәпішкесін көрсетіп әзілдесті (фото)

Есентаева журналистерге: Енді сіздерсіз аяқ алып жүре алмайтын болғаным ба?

Қытайды аузына қаратқан Димаш күмбірлете күй шертіп таңғалдырды (видео)

Танымал ғалым Димаштың жеңісін “Қытайдың кезекті саясаты” деп бағалады

Талқылау