Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Әкем мұсылман, ал менің жаратушым Иса мәсіх»: Жазушы Ілияс Есенберлиннің ұлы өзінің басқа діні туралы айтты

«Көшпенділер» трилогиясының авторы, жазушы Ілияс Есенберлиннің жалғыз ұлы Қозыкөрпеш Есенберлин өзінің мұсылман емес екенін айтты. Ол жат ағымның табынушысы екенін жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq ruhy сайтына сілтеме жасап.

есенберлин

«Құдай ұлы – Иса пайғамбар. Құран кітабында да жазылған. Біздің барлығымызды бір құдай жаратты. Әрине әркім өзі сенгісі келген құдайына сенеді. Әкем құдайдың заңына және оның әділдігіне сенді. Мен де әкем сияқты сеніммен өмір сүргім келеді. Құдайға деген сеніміміз әртүрлі болғанымен, ол жалғыз.  Біз де оны мойындап, оның қағидалары мен әділдік нормаларына сай өмір сүруіміз керек. Мен Жаратушымыз бізге не бұйырса, сол бойынша өмір сүргім келеді», – дейді Қозыкөрпеш Есенберлин. 

Бұдан басқа Есенберлиннің ұлы әкесі мұсылман болғанымен, өзі Иса пайғамбарға сенетінін жеткізді.

«Құдай бар. Құдайдың ұлы Иса Мәсіхке мен сенемін. Иса, Мұса, Мұхаммед олар – пайғамбарлар. Ал құдай жалғыз. Бір сенім. Бірақ мен мұсылман емеспін, киелі кітапқа сенемін», - дейді ол.

Қозыкөрпег Есенберлин отбасымен Йегова ұйымына сенеді. Айтуынша, солар ұсынатын діннің жалғастырушылары. Алайда үлкен ұлы мұсылман дінін ұстанады екен.

«Йегова ол ол әлемдік ұйым. Мекемесі Америкада Нью-Йоркта орналасқан. Мен сол сенімге кірдім. Соның жалғастырушысы деп санаймын өзімді. Йегова құдай есімі. Оған сендім, оның қағидаларымен өмір сүргім келді. Бұл мен басқаша өмір сүремін дегенді білдірмейді. Мен де қарапайым өмір сүремін. Ол ұйымнан мен ақша алмаймын, өзім де салмаймын. Менің жүрегім қалады. Әйелім және Мәди, Дамилия осы ұйымның құрамындамыз. Ал бірінші ұлым Мағжан мұсылман», – дейді жаушының жалғыз ұлы.

Жазушы ұлын қазақ мектебіне бергісі келген. Бірақ ол замандары қазақ мектептері жоқтың қасы екен. Сөйтіп амалдың жоғынан орыс мектебіне беруге тура келіпті. Бүгінде Есенберлиннің ұлы 64 жасқа келіп отыр. 

«Иә мектепке көмектесіп тұрамыз. Осындағы музейге кітаптарын бердік. Бқл жердің де құрылуына қол ұшын создық. Біздің қазіргі президент те осы мектепте оқыды. Ол менен үлкен болды. Біз дос болғанбыз. Оған сыйластықпен қараймын. Біз осында оқыдық. Тек Қасым-Жомарт Тоқаев ғана емес Жириновский де оында оқыған. Ол да менен бірнеше жас үлкен. Әкем мені қазақ мектебіне бергісі келген. Бірақ ол кезде тек №12 мектеп ғана қазақ тілінде болды. Тіпті ол уақытта мектеп те болмаған. Үйге келіп анама қазақ тілі мектебі жоқ, тек интернат барын айтыпты. Анам да үйдің қасындағы орыс мектебіне беруге келіскен. Бұл мектепте немересі, шөберелері де оқыды. Әкем осы жерге көп келген»

«Мағжан, Мәди деген екі ұлым, Дамелия атты қызым бар. Біздің отбасымыз үлкен. Менен бөлек үш әпкем бар. Олар да балалы-шағалы. Әкемнің немере және шөберелері көп. Әрине менің отбасым осы әулеттің ұрпақ жалғастырушысы. Ілияс Есенберлиннің шығармашылығын немере және шөберелері жағастырса деймін әрине. Бірақ ол артына із қалдырып кетті. Ойы, кітаптары қалды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш», – дейді жазушының ұлы. 

Ілияс Есенберлин ұлының қазақ тілін жетік меңгергенін қалаған. Сол үшін де орыс мектебінде оқитын баласымен тек қазақша сөйлескен. 

«Мен ол кезде жас болдым. Әкемді түсіне алмадым. Бірақ оның үмітін ақтауға тырыстым. Біз басқа заманда өмір сүрдік. Әкем менімен тек қазақша сөйлесетін. Ал мен орысша жауап беретінмін. Ол уақытта барлығы орыс тілінде сөйлейтін. Мектептегі 5-6 қазақ баланы жинап алып, бізге сабақ өтетін. Мен қазақ тілін аса қажет көрмедім. Өйткені ол кездерде қазқ тілі ешкімге керек болмады. Жас болған соң да әкемнің ішіндегі ойын түсіне алмадым. Ал қазір сол кездегі әкемнің жаны ауырғанын түсінемін. Біз көп сөйлесетінбіз. Ол үнемі «Не нәрсе болса да әділдіктің жағында бол» деп айтатын. Өз отбасыңды, өз халқыңды сүй дейтін», – дейді Қозыкөрпеш Есенберлин. 
 

Талқылау