Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкем аман қалды": Жахан Отарғалиев такси жүргізушілеріне үндеу жасады

Танымал шоумен, актер Жахан Отарғалиев әкесінің жол апатынан аман қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жахан Отарғалиевтің Instagram-парақшасынан 

Оқиға Атырау-Орал тас жолының бойында болған. 

“Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңда Атырау-Орал жолында болған жағдай. Сәл жәй жүрген дұрыс-ау. Такси айдап жүрген бауырлар, сіздерді де үйлеріңізде бала-шағаңыз күтіп отыр. Тым болмаса соларды да ойлаңыз. Әкем Алланың қалауымен аман қалды”, – деп жазды актер. 



Одан кейін әкесінің жағдайын айтып, аяғында ісік пайда болғанын айтты. 

“Әкемді қалаға алып келдім. Енді жәй-жәй қалыпқа келеміз. Бастысы, аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Оларға көтере алмайтын сынақ бермесін!”, – деп жазды шоумен. 

Айта кетейік,енді Қазақстанда жол апатына қатысты сот шешімін жасанды интелект шығаратын болады. 

Талқылау