"Әкем 8 баласы бар еркекке күйеуге берді": Әмина апа жеке өмірінен сыр шертті
Фото: Подкастан скриншот
“Перзент” балалар үйінің иесі Әмина апа алғаш рет жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
30-ға жуық тастанды баланы бауырына басқан қайырымды жан өзінің жеке өмірін журналист Жанар Байсемізге айтып берді.
“Шешемізден 15 жасымда қалдым. 4 қызды әкем өзі жеткізді. Әкем Қытайдан шекара асып келген еркекке күйеуге берді. “Осыдан бір бала туып ал да, шекарасына апарып таста” деді. Оған төлқұжат керек болды, маған бала керек еді. Екі қызымның әкесі – сол кісі. Кеңес үкіметінің заманы еді. Ол кісі керемет кәуап жасайтын адам болды. Үйдің жанынан асхана ашып, кәсіп бастадық. 8 баласы Қытайда қалған. Әйелі қайтыс болып кеткен. Сауда-саттық жасайын деп келген. Бірақ оған мекенжай анықтамасын алу керек болды. Ол үшін Кеңес үкіметіндегі бір адамға үйленіп, некесін тіркеу керек. Сол себепті маған үйленді. Екеуміздің арамызда махаббат болған жоқ. Оразаның кезінде қатты ұрысып қалып, Қорғас бекетіне апарып тастадым. Екі баламды туып алдым. Маған енді керек емес еді. Бірақ ол қыздарын қимай ұзақ жүрді. Ұрыстың себебін де айтайын: Оның достары кілең бай-бағландар еді. Күн сайын үйге кәуап жеуге келеді. Бір күні достарына “Бұл кеңестің қыздарын 4 юань беріп сатып алуға болады” екен деді. Соны естіп тұрып, қатты намыстандым. Содан жынданып, елден қуып жібердім”, – деді Әмина апа.
-
"Күйеуім тоқал әкеліп, үш баламен далада қалдым": Балалар үйінде тәрбиеленген қазақстандық келіншек отбасындағы тауқыметін бөлісті
-
34 жетім баланы асырап алған Әмина қажының үйін кім тартып алмақшы?
Сондай-ақ бірінші күйеуінен бала болмай ажырасып кеткенін де есіне алды.
“Мәскеуде жүрген кезде татар жігітіне ғашық болдым. Оны шын сүйдім. Арамызда махаббат болды. Ол кезде жасым 23-те еді. Әкесі өте бай еді. Ине салуға құмар болды да, отбасылық өміріміз ұзаққа бармады. Шешесі “Бұл адам болмайды” деп баласын уайымдап отыратын. Жеті жылда бала болмады. Ішіп келгенде төбелесеміз, қырылсамыз, сондай жағдайда балам түсіп қалды. Одан кейін тұрмысқа шығуды ойлаған жоқпын. Кейде ойлаймын, өзім солардың алдына түсіп кетіп, оларға еркек ретінде ештеңеге мүмкіндік бермедім. Маған қорған болып, мені бағатын адам мына өмірге келмеген шығар?!” – деді “Перзент” балалар үйінің иесі.

"Есік-терезе жақтаулары бүлінген, едені тесік": Алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтеріне шағымданды
