"Әке, біз сізді жақсы көреміз": Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан әскериді отбасы жер қойнына тапсырды
Жамбыл облысындағы қоймадағы жарылыстан зардап шегіп, 12 күн бойы ауруханада жатқан әскериді отбасы жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.
(Марқұмның әйелі Жанна Аткожинова)
36 жастағы бөлімше командирінің орынбасары Саят Әлімбековтің артында екі қызы мен кішкентай ұлы қалды. Бұл Байзақ ауданындағы оқиғадан көз жұмған 16-шы адам болатын. Бөлім аумағында әлі де басқа адамдардың денесі іздестірілуде.
“Менің күйеуім өте батыл, мейірімді, әділ адам болатын. Жұмысына қатты берілген еді. Оның құжаттары, жеке куәлігі, екпе төлқұжаты және балалардың өздері жасаған ашық хатын алып жүретін. Мұнда олар “әке, біз сізді қатты жақсы көреміз” деп жазып берген болатын”, – дейді марқұмның жары Жанна Аткожинова.
- Жамбыл облысында оқ жарақатынан көз жұмған шенеуніктің денесі табылды
- "Науқастың денесін қозғалтпау үшін сонда жатқызылды": Қорғаныс министрлігі темір есікте жатқан әскери қызметкер жайлы пікір білдірді
Қорғаныс министрлігі жанындағы республикалық қозғалыс құрбандардың барлық балаларын қанатының астына алу туралы шешім қабылдады.
Екі апта бұрын Тараздан 15 шақырым жерде әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймаларында өрт шықты. Жарылыстардан кейін 100 -ден астам адам жараланды, 16 әскери мен өрт сөндіруші қаза тапты, тағы біреуі хабар-ошарсыз кетті. 20-дан астам бала әкесіз қалған.
“Бұл қаза тапқан батырларымыздың балалары, қазірдің өзінде мектепте оқып жүрген балалар. Олар "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының қатарына қабылданды және болашақта оларды қанатымызға аламыз, қамқорлығымызда болады. Сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарына түсу кезінде қолдау көрсетілетін болады”, – дейді "Жас сарбаз" республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев.