Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әке-ана атандық": Актер Ерік Хамидуллаев пен Ақниет Беласар қызды болды

Отандық фильмдерде жиі бой көрсетіп жүрген Ерік Хамидуллаев пен Ақниет Беласар отбасында жағымды жаңалықты бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнерлі жұп 2022 жылдың жаз айында шаңырақ көтерген болатын.

“Алланың қалауымен ата-ана атандық”, – деп жазды актердың жары Ақниет Беласар.

Қос жұптың шаңырағына кестетігер дүниеге келген. 

Желі оқырмандары сүйікті актер мен актрисасының бөпесіне ұзақ ғұмыр тілеп жатыр. 

Айта кетейік, көптеген отандық телехикая мен киноға түскен жас әрі талантты актер Ерік Хамидуллаев жұртшылыққа көпке дейін сүйіктісін жасырып жүрген болатын. Болашағынан көп үміт күттірер актердің таңдауы өнердегі әріптесіне түскен. Кейін бірге түскен суреттерін парақшасында бөлісе бастады. Белгілі болғандай, жас жігіттің жүрегін Ақниет Беласар есімді жас актриса жаулап алған. Бойжеткен қалың көпшілікке "Көзайым" фильміндегі рөлі арқылы танылды. Ерік Хамидуллаев пен Ақниет Беласар да бір уақытта ортақ фотоларын ел назарына ұсынып, қарым-қатынастарын ресми түрде растаған еді. Бүгінде талантты жұп отбасын құрып, енді бала тәрбиесімен айналыспақ. 

Талқылау