Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота мен Дәурен қалай тұрып жатыр

Жуырда ғана бір жыл бойы елді шулатқан әнші Ақбота Сейтмағамбет тұңғышын босанып, танымал әзілкешке ұл сыйлады. Одан кейін халық қос ғашықтың некесі туралы жиі сұрай бастады.

18888814_1934459740171814_4460778489896763392_n

Бұл сұраққа Ақботаның шаштаразы әрі сырлас-досы Эрман 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында жауап берді, деп жазады Stan.kz.

“Қазір Ақботаның жағдайы жақсы, керемет. Үйіне шығарып салдық. Дәуреннің үйіне барып, құда-құдағилармен отырып, кездесіп, ыстық шайды ішіп, барлығы керемет өтті”, – деген Эрман махаббат хикаясының ел ойлағаннан әлдеқайда ертерек басталғанын айтып қойды.

“Гламур для дур” деген фильмнен басталды. Киноның аяғы махаббат болып кетті. Оны мен басында білгем. Туған күнінде бірге болдық. Боташка 20 жасқа толғанда Дәурен сонда келген гүлімен. Көбісі білмеді. Соңында шығарамын деп соңында өзі айтты халыққа”, – дейді Ақботаның досы.

Иә, елді шулатқан жұлдызды жұп бесіктің түр-түрін алып, шілдеханасын өткізіп қойды. Алайда қос ғашықтың заңды түрде үйленбегені, әсіресе, Ақботаның жанкүйерлерін алаңдатып отыр.

“Той Алла қаласа болады. Аман-есен ұлды туып алды. Өз-өзіне келсін, тойды әрі қарай ойластырып көре береміз ғой. Екеуінің некесі әлі қиылған жоқ. Енді қиылады, міндетті түрде. Дәурен той болады деп отыр”, – деп мәлімдеді Эрман.

Бұдан өзге, Ақботаның жақын досы жаңа туған сәбидің Дәуренге қатты ұқсайтынын айтты.

“Ұлы тура Дәурен. Кіп-кішкентай, қап-қара, шашы бұйра-бұйра. Дәуренге өте қатты ұқсайды. Мұрындары, көздері келеді”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова ұлына арнап түсірген бейнебаянын жарыққа шығарды (видео)

Кенжебек Жанәбілов алғаш рет жарымен қалай танысқанын айтып берді

Оразада орамал тағып, жазда жартылай жалаңаш жүретін жұлдыздар сынға ілікті

Димаш тағы бір айтулы жүлдеге ие болды

Талқылау