Ақботаны қорғаған Ләйлә Сұлтанқызы жұрттың сынына ұшырады (фото)
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әнші Ақбота Сейтмағамбетті қорғаштаймын деп елдің сынына ұшырады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Үлкен той тойланбаса да, КешYou-дің экс-әншісі Ақбота Сейтмағамбет осы күнге дейін ақ көйлектің түр-түрін киіп көрді. Әнші той көйлектерін сатумен айналысатын агенттіктермен келісім-шартқа отырған ұқсайды.
Күні кеше Ақбота кезекті рет қалыңдық көйлегімен түскен суретін жүктеп:
“Өзің қалаған нәрсені істе, бәрібір өміріңнің соңына дейін елдің сынына ұшырай бересің”, – деп жазды.
Ал Ләйлә Сұлтанқызы өнердегі сіңлісіне қолдау білдіріп: “Бұл сенің өмірің, еш уақытта кімнің не ойлайтынын ойлама”, – деп пікір білдірді.
Мұны көрген желі оқырмандары Сұлтанқызын жерден алып, жерге салды. Көпшілік Ләйлә Сұлтанқызын “Ақботаға дұрыс жол көрсетіп, жөн сілтеудің орнына оған қолдау білдірді” деп сынады.
“Ләйлә, сіз неге олай айтасыз? Сіз әйел бақытын ойламаушы ма едіңіз? Сіз Дәуреннің бұрынғы әйелі мен балаларын ойладыңыз ба? Сол отбасын сақтап қалуға болмас па еді? Соны біле тұра Ақбота өз-өзін тыю керек еді”, “Сіздің бұл қызға айтқаныңыз осы болса, басқадан не күтуге болады”, “Онсыз да өз білгенін істеп жүр бұл қыз біреудің отбасын бұзып”, “Басқа басқа “Әйел бақытын” жүргізіп, әйелдердің мұңын тыңдап отырған сізден мұны күтпеген едік”, – деп сынады желі оқырмандары.
Өз кезегінде Ақбота өзіне тілекші болған тележүргізушіге ризашылығын білдірді.
Жіберіп алмаңыз:
Төреғали Төреәлі жанды дауыста ән айта алмай, масқара болды (видео)
Баян Мақсатқызы балаларды ұрмай, ұрыспай тәрбиелеуге шақырды
Медеу Арынбаев болашақ келіні жайлы бар шындықты ашып айтты
Анталияда жүрген Арман мен Аша отбасылық суреттерін көрсетіп, елді тебірентті (фото)