Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақботаны әлі де сүйеді": Дәурен Айдарқұловтың жаңа жазбасы көпшілікті қызықтырып қойды

Дәурен Айдарқұлов бұрынғы жары Ақбота Сейтмағамбеттің жаңа әніне жарнама жасап, махаббат туралы жазба қалдырды. Желі қолданушылары бұл әрекетінен соң актер сүйіктісін әлі де ұмыта алмай жүр деп топшылады. 

дәурен ақбота

"Сүю деген бір-біріне қарау емес, бір бағытта бірге қарау деген екен Антуан де Сент-Экзюпери", - деп жазды актер.

Айдарқұлов Ақбота Сейтмағамбеттің жаңа әнін жарнамалады. Актердің жазбасы көпшіліктің жүрегін елжіретті. 

"Дәурен Ақботаны шын жақсы көреді. Нағыз ер азамттың ісі", "Олар бір-біріне жау емес, ортақ балалары бар. Жарнамалағанда тұрған не бар?", "Сізге арналған ән сияқты", "Ән керемет екен, қайта қосылсаңдар жақсы болар еді. Сондай жарасасыңдар", "Әркімнің тағдыры әртүрлі", "Біреуді сынауға болмайды, өздерің сынға қаласыңдар", "Дәуреннің де, Ақботаның да бір-бірін жақсы көретіні көрініп тұр ғой, неге қиналып жүр?", - деп жазды көпшілік.



Ресми түрде ажырасып кеткен жұлдызды жұп өздеріне жаңа жұп іздейтіндерін бірнеше мәрте айтқан еді. Ақбота екінші рет тұрмыс құруға дайын екенін айтса, Айдарқұлов үшінші әйел іздеп жүргенін жария етті.

Әнші тіпті шетелге көшуі мүмкін екенін айтып қалды. Ал, әзілкеш үшінші әйелінің намазхан болғанын қалайтынын жасырмады. 

Талқылау