Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейтмағамбет түсірілім кезінде неге жылағанын түсіндірді

Ақбота Сейтмағамбет “Гламур для дур” фильмінің түсірілімі кезінде режиссермен не себепті ренжіскенін айтып берді.

ама

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Түсірілім кезінде режиссер мен актерер арасында көптеген түсініспеушілік болған екен. Мысалы, Әсел Ақбарова мен режиссер сөзге келіп қалса, Ақбота тығыз жұмыс кестесіне шыдай алмай ауруханаға түскен. Денсаулығының сыр бергеніне қарамастан, қатал әрі талапшыл режиссер әншіге жеңілдік жасай қоймаған.

“Бір шетінде тамақ ішіп, бір шетінде біз киінетін автобустың ішінде отырғанымда қатты ызам келді. Асқар Ұзабаевқа бірнәрсе ұнамаса, бетіңе айта салады. Маған “Мен сені не үшін таңдадым? Осында түрлі-түрлі талантты қыздар болды. Мен одан да солардың біреуін таңдамадым ба? Осылай еркелеп, маған қырсықпа! KeshYou-дің талай қызын жылатқанмын. Сені де жылатамын” деді.  Мен сол сәтте жыламаймын деп қырсығып тұрып алдым. Бірақ автобусқа келіп ішімдегі бар ызамды шығарып жылап алдым. Бір шетінен ол кісінікі де дұрыс. Мен баламын. Көп нәрсені түсінбеймін. Өз мінезімді көрсеткім келеді. Жылап-жылап алған соң, алдына түк болмағандай болып барамыз”, – дейді Ақбота Сейтмағамбет.

Ал Асқар Ұзабаев оны әдейі ренжіткісі келмегенін, мұның бар болғаны үрдіс екенін, Ақботаның мойнына ауыр жүк түсіп тұрғанын түсіндіргісі келгенін айтып жатыр. Мұнымен қатар, мәтінді жаттап, түсірілімге уақтылы келу мәселесіне қатысты да ескертулер жасаған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Айдарқұловтың келіншегі: Ол қыз жүктілігін пайдаланып жатыр деп ойладым

Төреғали Төреәлі Ләйлә Сұлтанқызына ерекше құттықтау жолдады (видео)

Бақытбек Есентаевқа кесілген үкім өзгеріссіз қалды

Әнуар Нұрпейісов болашақ жарына оқуға кеңес беретін 3 кітапты атады

Талқылау