Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейтмағамбет намысына тиетін сөз айтқандарды сотқа беруге уәде етті

Үш балалы әзілкешке ұл сыйлаған КешYou тобының экс-әншісі Ақбота Сейтмағамбет бұдан былай өзіне жағымсыз пікір жазғандармен заң арқылы күреспек. Ақбота желідегі парақшасында жазба қалдырып, ресми түрде барша оқырмандарына ескерту жасады.

19367689_1589671117710579_3973058711185784832_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Құрметті оқырмандар және менің жеке өміріме араласуға құқығым бар деп санайтын жандар! Бұдан былай менің тарапыма айтылған әрбір жағымсыз пікірді скриншотқа түсіріп алатынымды ресми түрде мәлімдеймін. Менің заңгерлерім әр пікірді қарап, соған орай сіздерді сотқа беруге дайын! Енді сіздер тек менің жеке шығармашылығыма қатысты ғана ой білдіріп, пікір қалдыра аласыздар”, – деп мәлімдеді Ақбота.

Желідегілердің кейбірі Ақботаға қолдау білдірсе, енді біреулер сынап жатыр. Оқырмандар ел алдында жүрген танымал адам болғандықтан, елдің аузында жүретіндігін ескертіп жатыр. Ал үшіншілер алдағы уақытта өзін жақсы жағынан көрсетуге кеңес берді.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың Астанада өтетін шоу-концерті несімен ерекшеленбек? (фото)

4 жасар бүлдіршін қыз Ерке Есмаханның “Қайда” әніне айнытпай пародия түсірді (видео)

Мальдив аралдарында “Сальса” билеген отандық әртістер жұртты сүйсінтті (видео)

Адамдарды тірі кезінде бағалауға шақырған Керменбаев жұрттың жүрегін елжіретті

Талқылау