Ақбота Сейітмағамбет өзіне ренжіп жүрген продюсеріне жауап берді
Әншінің топтан кеткеніне біраз уақыт болса да, әлі күнге дейін қыздардың жұмысын қарап, бақылап жүреді екен. Мұнымен қатар, ол қыздармен де, продюсерлерімен де әлі күнге дейін жақсы қарым-қатынаста екенін айтты.
Сурет: Жеке парақшаларынан
Бұл туралы НТК арнасының Ревю бағдарламасында айтылды.
“Теледидар арқылы әлі күнге дейін KeshYou тобының жұмысын қарап, қадағалап отырамын. Өзім түлеп ұшқан топ болғандықтан, өте қатты бағалаймын, құрметтеймін. Баян және Бағым Мақсатқызын да ерекше құрметтеймін. Қарым-қатынасымыз ойдағыдай”, – дейді әнші.
Біраз уақыт бұрын Бағым Мұхитденова өзіне ескертпестен кетіп қалған Ақбота Сейітмағамбетке ренжіген-ді. Десе де, ол мұны әншінің жастық шақпен жасаған қателігі деп бағалады. “Кеткен кезінде маған “саубол” деген де жоқ, қоңырау да шалмады. Қыздар әртүрлі болады ғой. Біреу қоштасады, екіншілері айтпай кетеді деген сияқты. Бәлкім жастық шақпен осындай қадамға барған шығар”, – дейді Бағым ханым.
Бұл сөздерді естіген Ақбота алдағы уақытта міндетті түрде алдыларынан өтетінін айтты. “Мен KeshYou тобынан кететін кезде аяқ астынан ауруханаға түстім. Ол кісілерге рахмет айта алмадым. Алдыларынан бір өтуге шамам да болмады. Әлі де кеш емес деп ойлаймын”, – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Астанаға келіп тал отырғызған Николас Кейджге шапан сыйға тартылды (фото)
Әли Оқапов марқұм Linkin Park әншісі туралы естелігін бөлісті
Қызымен әзілдесіп ойнаған Асхат Тарғын жұртты күлдірді (видео)
Жолдыбаева анасын құттықтау үшін Маңғыстауға Алматыдан торт алып барды