Ақбота Сейітмағамбет: Дәуренді желіде бұғаттап тастағанмын, бірақ жүздесіп тұрамыз
Атышулы Айдарқұлов соңғы посттарының бірінде Ақботамен бірге екендерін жазып, көпшіліктен жеке өміріне араласпауды сұраған еді. Алайда, Дәуреннің дүйім жұртқа жариялаған жазбасы жалған болып шықты. Осы уақытқа дейін бұл сауалға мардымды жауап бермеген бұрынғы ерлік-зайыптылардың қазіргі қарым-қатынасы жайлы Сейітмағамбеттің өзі хабарлады. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Ақбота, желіде желдей ескен ақпараттың ақиқатын айтты.
«Дәуреннің қандай пост жазғанынан бейхабармын. Өйткені, инстаграмда біз бір-бірімізді оқымаймыз. Сондықтан Дәурен туралы ештеңе айта алмаймын. Оның жеке өмірі маған қызық емес, менің жеке өмірім оған қызық емес. Сондықтан инста-парақшасын оқымаймын. Бірақ, желі де «Дәурен Айдарқұловпен қосылдыңыздар ма?» – деп менен сұрады, «жоқ» деп жауап бердім», – дейді Сейітмағамбет.
Бүгінде олар бір шаңырақ астында ғұмыр кешпесе де, шоу-бизнес экс-ғашықтардың арасын алшақтатпаған. Сондықтан, Ақбота мен Дәурен жұмыс бабымен жиі жүздесіп тұрады екен.
«Баламның әкесі болғандықтан неге араласпасқа?! Біз шоу-бизнесте бірге жүреміз. Жұмысымыз бір. Көрмеймін деген күннің өзінде, бәрібір жұмысымыз бір. «Болды, кетіп қалдым, жүре алмайын» – деп айтатын адам емеспін. Мен олай жүре алмаймын. Өйткені, баламның әкесі болғандықтан араласып тұруыма тура келеді. Менде кек сақтау деген жоқ. Бәрі бітті дей алмаймын. Араласып тұрамыз, тойға да бірге шығып тұрамыз», – дейді Ақбота.
Сейітмағамбет, әке мен баланың қарым-қатынасына да қарсы емес. Ақбота ұлының Дәуренмен кездесуіне кедергі келтірмейтін болып шықты.
«Баласымен кез-келген уақытта демалады. Мен оған шектеу қоймаймын. Бала ортақ. Ойын-сауық орталықтарына барады. Өзі көтеріп, қалаған жерлеріне барып, қыдырып келеді. Көмектеседі. Шынымды айтсам, ұлым мен Дәурен аптасына 3-4 рет кездесіп тұрады», – дейді әнші.
Естеріңізге сала кетсек, Дәурен мен Ақбота Сейітмағамбеттің бүгінде ортақ некесінен 8 айлық Ибраһим есімді ұлдары бар. Актриса мен актердың өмірдегі махаббат хикаясы «Гламур для дур» картинасының түсірілім алаңында бастау алған болатын. Ал, Айдарқұловтың алғашқы отбасында екі қызы мен бір ұлы өсіп келеді.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Құрметті оқырман! Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Жіберіп алмаңыз:
Мөлдір Әуелбекова: Баян бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрледі (фото)
Баян Алагөзова Конституция күнін білмеген қыздарды кастингтен қуып шықты
Ninety one тобының рэпері сайлауға түсетін болды