Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет неке жүзігі мен сәбиін көрсетті (фото)

Танымал әзілкешке ғашық болып, оған ұл сыйлаған КешYou-дің экс-әншісі Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет неке жүзігі мен сәбиін көрсетті. Ол Дәурен Айдарқұловпен әзірге шариғат бойынша некеде екенін алға тартып, заңды неке қию салтанатының жуырда болатынын айтты.

акбота сабиі

Фото: 31 арнадан скриншот

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Саусағымдағы неке жүзігі өзімдікі. Жолдасым өзі сыйлаған. Біздің тек қана шариғат бойынша некеміз қиылған. Заңды түрде осы жақында барып, құжаттарымызды тапсырдық. Босана салып”, – деген Ақбота салтанатты неке куәлігін табыстау рәсімінің қашан болатынын жасырып қалды.

неке жузігі акбота

Фото: 31 арнадан скриншот

“Оны айта алмаймын. Жолдасым айт десе айтамын”, – деп кесіп айтты Ақбота.

Бұдан өзге жас әнші, алғашқы сәбиін дүниеге әкелу барысында қандай қиыншылықтарға тап болғанын әңгімеледі.

“Толғағым қиын болды, 3500 келі болып босандым. Мен үшін өте қиын, сондықтан біраз уақыт перзентханада жатуға тура келді. Ол жақтан шыққан соң үлкен кісілер қарасып, басында кішкентай нәресте болған соң шомылдуға қорықтым, дірілдеп. Оны қырқына дейін шомылдыру керек, баптау майлау керек, соның бәрін үйреніп, шүкір жақсы, балама аман-есен қарап жатырмын”, – дейді Ақбота.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет ата-анасының өлімі жайлы айтты (фото)

Ерболат Беделхан үш бірдей баласына дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Ақбота Керімбекова: Ажырасқан әйелді келінім етуге дайынмын

Айдана Меденова тұрмыста болса да өзін аңдып, артынан қалмайтын жігіттер туралы айтты (фото)

Талқылау