Ақбота-Нұр басты рөлді сомдаған телехикая халықаралық байқауда жүлдеге ие болды
Қазақстандық "Мыстан" телехикаясы халықаралық Realist Web Fest веб-контент фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ресейлік rg.ru басылымына сілтеме жасап.
Веб-сериал ерлер тарапынан сатқындық пен зорлық-зомбылыққа ұшыраған үш қыз хикаясын суреттейді. Өмірде адасып, жолын таппай жүрген арулар бірігіп, олардан кек қайтаруға шешім қабылдайды.
Алайда олардың бұл ойы жақсылыққа апара ма?
"Ол бәрібір сіздердікі": Рухия Байдүкенова өзін Димаш Құдайбергенмен жұптастырғандарға жауап берді
Айта кетейік, аталған телехикаяда басты рөлдерді Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Әсел Қалиева мен Жасмин Салихова сомдаған.
2021 жылдың қазан айында “Мыстан” веб-сериалы Испанияның Бильбао қаласында өтетін тағы бір халықаралық фестивальге қатысады.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ