Ақбота: Мені дәл осы қалпыммен жақсы көретін жандардың болғаны қуантады
Ақбота Сейтмағамбет желіде жүрекжарды жазба арнады. Әнші өзін қабылдайтын жақсы адамдардың барын айтты.
“Мені ең қатты қуантатын не нәрсе екенін білесіз бе? Мені дәл осы қалпыммен қабылдайтын жақсы көретін жандардың болуы”, – деп жазды әнші.
Әншінің жеке өмірі көпті қызықтырған сұрақтардың бірі. Желідегі оқырманы “сүйіктіңіз бар ма?” деген сұрақты жиі қояды.
“Аялдама, аялдама сен,
Қарайлама, қарайлама, артыңа,
Баяу ғана, баяу ғана сен,
Баяу ғана ұмтыла бер арманыңа!”, – деп жазды әнші көңіл-күйіне ерік беріп.
“Барлығының қайыры бар. Бәрі үшін Аллаға шүкір”, – деді әнші.
Әншінің әр жазбасы желідегі оқырмандарын алаңдатады.
“Қадам жаса, әрі қарай жол өзі табылады”, – дейді Ақбота бір жазбасында.
“Әдемісіз өте, бақыт тілеймін. Балапандарыңыз аман болсын”, “Бастысы амандық тілеймін, әлі азаматыңызды табасыз”, “Жассыз, өмір алда”, “Сіз секілді сұлу қыздар ұнайды”, “Көңіл-күйіңіз жоқ секілді”, “Бәрі жақсы болады”, – деді ол.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
