Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота: Қыруар қаржыны тойыма шашқанша, балаларыма жұмсаймын

Өзінен сегіз жас кіші ер азаматқа тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова тойлары ораза айыннан соң болатынын айтты.

бота
Stan.kz тілшісін тойына қонақ болуға шақырған әнші, ата-енесінің қалауымен ақ көйлек кимекші екенін де айтты.

«Бұл менің өз өмірім бақытты болуға құқым бар шығар. Жасымыз орта жасқа келді. Балалар өсті, қашанғы жалғыз жүреміз деген оймен тұрмысқа шығып жатырмын. Ұлдарым да айтады, «Мама, өзіңізге жанашыр, қамқор болатын кісі болса тұрмысқа шық» деп. Кішкентай болса да олардың ұсынысы мен ақылы мен үшін маңызды»,- дейді әнші.

Енді оқу бітірген қызға үйленгелі жатқан Асхат Тарғын тойға 8-9 млн қаржы жұмсалғанын айтқан болатын. Бірақ Ақбота ондай ақша ысырап жасамаймыз дейді. Тіпті, той жасағысы да келмепті. Оған ата-енесі қоймаған.

«Мен негізі тойды жасамай- ақ қояық деген едім, оған ата-енем, «Ақбота бақытқа лайықты, үйленгеннен кейін кішігірім той жасайық» деп қоймады. Сөйтіп, ата-енемнің ақ батасын алып, достарымыз бен жақын адамдарымызды жинап, атап өтейік деп жатырмыз. Бұйыртса, жақын деген адамдарымның басын қосамын. Мен 8-9 млн құртып ысырап жасамаймын. Жақын адам сынамайды. Одан да сол ақшаны балаларыма жұмсағаным дұрыс»,- дейді әнші Ақбота.

Үлкен тойға аппақ қалыңдық көйлегін киюді де армандап жүр. Бірақ, әнші нақты киетін ақ көйлегін әлі таңдамапты.

«Ия, ақ көйлек киемін. Бірақ, әзірге таңдамадым. Жақындаған соң көреміз», – дейді Керімбекова. Әнші бұған дейін біздің сайтқа эксклюзивті сұхбат беріп, тұрмысқа шығатыны жайлы алғаш рет айтқан еді.

Оқи отырыңыздар:

Екі көзі көрмейтін ресейлік қыз Қайрат Нұртаспен кездесу үшін Алматыға келді (видео)

Кентал: Туған күнімді тойлағым келмейді. Ол ажалды жақындастырады (фото)

Жігер Ауыпбаев: Топта орным жоғын түсінген соң кеттім

Мейрамбек Бесбаев ұлының 2 жасқа толуын атап өтті (фото, видео)

Димаш Қытайлық “Грэмми” сыйлығына үміткер атанды

Димаштың “Ұмытылмас күн” әнін орындаған сәті жарияланды (видео)

Талқылау