Ақбота Керімбекованың күйеуінің бірінші әйелімен не себепті ажырасқаны белгілі болды
Ақбота Керімбекованың анасы бұрынғы келіндерінің не себепті кетіп қалғанын ашып айтып берді. Мұнымен қатар, ол Ақботаны өздеріне бұйырған бақыт деп білетіндерін жеткізді.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Stan.kz.
“Ақбота бірден бізге өзінің қылығымен, сүйкімділігімен, қарапайымдылығымен баурап алды. Үйдегі төрт балам төрт түрлі. Соның ішінде Рауан баланың кенжесі. “Мама” деп айтатын тек бір өзі ғана. Бота келіп “мама” деген кезде жүрегің қалай елжіремейді? Менің негізі келіннен салымым жақсы. Ертеңгі күні біз туралы неше түрлі әңгіме болуы мүмкін. Біз осы сұхбатқа сол нәрсенің басын шешіп алу үшін келісіп отырмыз. Бұрынғы келінім де қарапайым, жақсы адам болды.
Бірақ, біздің рұқсатымызбен, мәдениетті түрде әкесінің тапсырып кеткен аманатын орындаймын деп, өзінің жанұясын, бауырларын қамқорлыққа аламын деп бізден гөрі соларға кішкене жақынырақ болды. Ал балам өнерді қалады. Сол себепті, мен бұрынғы, қазіргі деп бөлмеймін. Ол келіннен немереміз бар. Ол да бізге ыстық. Бота оны да “Біздің төртінші ұлымыз болады” деп айтып жатыр. Ботаны мен қалай жаман көремін?! Бота – біздің жанымыз. Ол еңбекқор, қарапайым. Өзі қалай бар, солай жүреді. Шайымызды құйып беріп, алдымыздан кесе-көлденең өтпейді. Кім мұндайды армандамайды?! Мұндай адамға қол жеткізу екінің бірінің басында бола бермейді. Балам, әрине, бізбен санасты”, – дейді Ақбота Керімбекованың енесі.
Жіберіп алмаңыз:
Серікбол Сайлаубек барахолкада киім сатып қиналған күндерін еске алды
Ақбота Керімбекованы тойда ақ көйлек киюге күйеуі көндірген
Айгүл Иманбаева: Әр адам өз биігінде өледі
Роза Рымбаева не себепті шәкірт тәрбиелеуден бас тартқанын ашып айтты