Ақбота Керімбекова экс күйеулерін ұлдарымен өзі мәжбүрлеп араластыратынын айтты
Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықпай тұрып, күйеуіне өзінің алдыңғы күйеулерімен қарым-қатынасы туралы айтқан. Яғни бүгінде әнші бұрынғы қайын жұртымен етене жақын араласып, балаларын жазғы демалыста ауылдарына жіберіп отырады екен. Тіпті, бұрынғы күйеулеріне өзі хабарласып, балаларымен араласып тұруға мәжбүрлейді екен.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші балалары ер жеткенге дейін көмек көрсетпеген экс күйеулеріне ренішінің жоқ екенін айтады. Бүгінде студент атанған қос ұлы әкелерімен жақын араласады екен.
“Алла тұр төбемде. Бұл туралы Рауанға да айтқанмын. Бала-шағамның өздерінің әкелерімен, туған-туысқандарымен араласуына ешқашан кедергі болып, баруға тыйым салған емеспін. Керісінше жазғы демалыста ауылдарына жіберемін. Олар сендердің тектерің, бауырларың деп айтып отырамын. Көп әйел заты ажырасқаннан кейін баласын тығып, қашқақтайды. Мен мұндайда қатты таңқаламын. Мен керісінше бұрынғы жұбайларыма айтып, өзім звондап, хабарласып, “Балаларыңа келіп тұрыңдар” деп айтып отырамын. Енді екі ұлым ер жетіп отырғандықтан, таңдау еркі өздерінде. Туған әкелерімен араласса да, араласпаса да қарсылығым жоқ. Мен оларға ештеңке дей алмаймын”, – дейді Ақбота Керімбекова.
Жіберіп алмаңыз:
Алуа Қонарова өзін итке теңеп жұртты күлдірді (фото)
Дастан Оразбековтың келіншегі көптен күткен екінші сәбиін босануға дайындалып жүр
Арбаға таңылған тыңдарманымен кездескен Ернар Айдар жұртты жылатты (видео)
Төреғали Төреәлі биыл үйлену тойын жасайтынын мәлімдеді (видео)