Ақбота Керімбекова ұзақ уақыттық үзілістен кейін бейнебаянын ұсынды (видео)
Ақбота Керімбекова ұзақ уақыттық үзілістен кейін тыңдарманын бейнебаянымен қуантты. Өнер иесі “Сүйемін құлай” атты әнбаянын елге ұсынды, деп жазады Stan.kz.
Хронологияға көз жүгіртсек, Ақбота Керімбекованың орындауындағы “Бегімайдың жыры” әніне осыдан 12 жыл, ал әйгілі “Қош махаббат” әніне 10 жылдай бұрын бейнебаян түсіріліпті. Ал “Жүрек сыры” атты туындысы осыдан 5 жыл бұрын жарыққа шыққан.
Ай сайын бейнебаян түсірмесе де, көгілдір экранға күнде шықпаса да, Керімбекова халықтың сүйікті әншілерінің қатарында.
Әншінің көптен күткен туындысын жоғары бағалаған жұрт оның шығармашылығына табыс тіледі.
“Өлеңі де, әні де керемет. Супер Ақбота. Тағы хит шығара бер”, “Ақбота, сен керемет біздің Қазақстанымыздың жұлдызысың. Сізді өте қатты құрметтеймін, әйел бақытын тілеймін”, “Ақбота апай, сізді сағындық”, – деп жазды желідегілер.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ