Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова “тойшыл” әріптестерін сынады

Қазақ сахнасының төрінде ұзақ жылдан бері жүрген Ақбота Керімбекованың осы күнде өзіндік тыңдармандары бар. Өзін лирикалық әнші деп білетін Керімбекова "Мұхит Сапарбаевпен сұхбат" бағдарламасында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған азаматтардың көп болғанына қарамастан отбасын құруға дайын еместігін айтты. Мұнымен қатар, "тойшыл" әріптестерінің өнерді арзандатып жібергенін тілге тиек етті.

image
Фото: kaztube.kz
Әнші әйел адамдарға қарағанда, ер адамдармен дос болуды ұнатады екен. Мұнысы киім-кешек, әшекей-бұйым туралы әңгімелерді ұнатпайтындығымен байланысты болса керек. “Еркек қашан да еркек қой. Бірақ қазіргі заманда сөзінде тұратын азаматтар азайып келеді. Қыздар еркек сияқты, ал ерлеріміз қыз секілді. Кейде бұл үрдістен өзім де қорқамын. Үш ұл тәрбиелеп отырғандықтан, “шалбар киіп жүрсің бе, еркек бол” деп санасына ақылымды құйып отырамын”, - дейді әнші. Ақбота Керімбекова Өзбекстан сынды мемлекеттердегідей әншілерге арналған арнайы заңның жоқтығына наразы. Сөзіне сенсек, аталған мемлекетте сахнаға жартылай жалаңаш шығып, фонограммамен ән айтуға тыйым салатын көрінеді. “Біздегі қателік – қазақтың қазақ болғысы келмейтіні. Бұл тек әншілердің арасында болып жатқан үрдіс емес, жалпы қоғамда жүзеге асып жатқан дүние. Өмір сүріп отырған қоғамымыздың сана-сезімі, ой-өрісі төмен. Күн көрістің қамы деп той-томалақтан шыға алмай жүреміз. Тойда жүрмін де барлығын арзандатып жіберугі болмайды ғой”, - деп Керімбекова әріптестеріне сахна мен той әндерін ажыратып алуға кеңес берді.
Жіберіп алмаңыз: Сұлулығын қолдан жасап алған қазақстандық танымал адамдар Айгүл Иманбаева: 18 жасымда сезім мен сыйластықты шатастырдым
Үш ұл тәрбиелеп отырған әншіні халықтың “Ақбота үнемі жылап жүреді”, “қашан да мұңды әндер айтады” сынды пікірлері жалықтырса керек. Репертуарындағы әндердің жанрын өзгертуге кіріскен. Бұрын лирикалық әндерді көбірек айтса, дәл қазір ырғақты әндерді таңдауға тырысады. “Біздің қазаққа ешнәрсе жақпайды. Сұлу болсаң, сұлу болды дейді. Семірсең семірді, арықтасаң азып кетті дейді. Біреуге бірдеңе айтуға қорқасың. Қазір қазақ эстардасы тоқырау үстінде. МС Сайлаубектің көшеде жаман әдетке салынбай, өнер жолына бет бұрғаны дұрыс шығар. Бірақ оны Роза, Мақпал апаларымен бірге бір сахнаға шығару ұят нәрсе”, - деп әнші халықтың талғамсыздығын тілге тиек етті. Ақботаның сөзіне сенсек, өзіне тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіретін ер-азаматтар өте көп. Тіпті “Ешнәрсеге қарамастан бақытты қыламын” деп айтатындары бар көрінеді. “Отбасын құруға дайын емес сияқтымын. Тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап жатқан азаматтар жоқ емес. Оған Алла куә. Балаларым ер жетіп қалды. Қазір бар міндетім – соларды оқыту. Мен олардан “Егер өмірлік серігімді жолықтырып жатсам, тұрмысқа шығуға рұқсат бересіңдер ме?” деп сұраймын. Олар өз кезегінде менің тек бақытты болғанымды қалайтындықтарын айтады”, - дейді әнші. Әнші дәл қазір күн көрістің қамы деп өзінің де той-томалақтан шыға алмай жүргенін жасырмайды. Алдағы уақытта тыңдармандарын заманауи әндермен қуантпақ ниетте екен.
Талқылау