Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова өзінен 8 жас кіші күйеуімен қалай табысқанын айтып берді

Ақбота Керімбекова үшінші күйеуімен қалай табысқанын айтып берді. Мұнымен қатар, ол соңғы кезде жұрт алдына көп шықпауының себебін түсіндірді.

21149586_279468882536948_430753093433425920_n

Бұл туралы Бірінші арнаның “Қалаулым” бағдарламасында айтылды.

– Соңғы кезде көп көрінбеуіңізге не себеп болып жүр? Әлде шығармашылық демалыс алдыңыз ба?

– Мүлдем өнерді тастап кеткенім жоқ. Шетінен әндерімді жаздырып жатырмын. Көңілім қалаған кезде шақырған жерлерге барамын. Көңілім қаламаса, ұсыныстан бас тартамын. Әр нәрсенің орны болады. Әнші екенмін деп басымды кез келген жерге сұға бермейтін жанмын. Сағындырып шыққан жақсы. Жұрт алдына көп шыға бергенді ұнатпаймын. Оның үстіне қазір бүкіл Қазақстанды шулатып жатқан жайымыз бар. Құдды Қазақстанда мен ғана үшінші рет тұрмысқа шығып, мен ғана бақытқа кенеліп жатқан сияқтымын. Менің болмысым тік. Бар нәрсені жасыра алмаймын. Біреулер мені бұрыс түсінетін шығар. Бірақ, жасырғым келген дүниені журналист қауымы артымнан қудалап жүріп, тығылып жүріп түсіріп алып жатыр. Аллаға мың да бір шүкір, жеке өмірімді орналастырып алдым. Енді концерт беруді қолға алып жатырмын.-

– Үшінші күйеуіңізбен қалай таныстыңыз?

– Ол жігіт өзі мені тапты. Үйінде ата-анасы да, өзі де бұрыннан өнеріме ғашық болып жүрген екен. Үш қайынбикем де Жүргенов атындағы академияның түлектері. Бастапқыда бір жыл бойы дос ретінде ғана араласқан болатынбыз. Күндердің күнінде сезім ояна бастады. Іштей қорқыныш пен күдіктің болғаны рас. Оның үстіне “Аузы күйген үрлеп ішеді” деген жақсы сөз бар ғой. Ақырында тәуекел етіп отбасын құруға шешім қабылдадым. Ең бастысы, жаныңды түсінеді. Бұл некеге ешкім қарсы болған жоқ. Тек анам бұл жолы шешімді асықпай қабылдауға кеңес берді. Шүкір, әзірге бақыттымын. Бұрын өмір бойы бақытты боламыз деп ойлаушы едім. Түсінген адамға бақыт деген бір сәт екен.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздар тойына шақырмаған Ернар Айдарға ренжіп жүр

Қайын жұрт пен төркін: Жазира Байырбекованың екі елді салыстыруы жұрттың көзіне жас келтірді

Нұрлан Еспанов өнердегі інілерінің не себепті әйелдерін жасыратынын түсіндірді

Серікбол Сайлаубек: Балаларын тастайтын әншілерге ренжімеймін, тек аяймын

Талқылау