Ақбота Керімбекова екінші ұлының тойын үйінің ауласына жасады
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Ақбота Керімбекова үйінің есік алдына ұлының үйлену тойын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі тойға дайындығын көрсетіп, достарының басын қосты.
“Бүгін Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын жасап жатыр. Жастарға сіздердің жолдарыңызды берсін деп ырымдап, от шашумен екі жасты ортаға шығарды. Той-тойға ұласып, үлкен әулетті отбасыға айналуын Алла қабыл етсін!”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
-
"Ер-азаматтарыма мүмкіндік бермедім": Үш рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова жан сырын ақтарды
-
"Сызылып, билейін деп едім": Ақбота Керімбекова сахнада құлап қалды
Желіде Ақботаның өнердегі досы Мейрамбек Беспаевтың тілегі жұртты күлкіге қарық қылды.
“Бота, тойың тойға ұлассын, жанымсол! Аман бол! Өте қуанштымын сен үшін! Төрт баланы дүниеге алып келген сендей анадан айналдым! Төрт мұсылманды, төрт қазақты алып келдің. Ойбай! Мәссаған! Өзіңе біреу туып алсаң...Мүмкін бір қыз туасың енді. Өзіңе. Өзіңнің продюсерің болып жүреді. Сен қазір Бибіажар анамыздың продюсері болып жүрсің ғой. Саған да бір продюсер керек қой енді. Сол күнге де жетейік. Әулеттеріңізден той кетпесін",– деді әнші.
Еске салайық, "Араласқысы келетін ниетін байқамадым" деп Ақбота Керімбекова ұлының тойына экс жұбайының келмегеніне ренішін жасырмаған еді.

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
