"Ақбілек" романы тиын болып қалды": Фариза Төреәлінің су жаңа кітабының бағасы сынға ұшырады
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Танымал блогер Фариза Төреәлінің “Жүректен жүрекке” атты су жаңа туындысы сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы көптен күткен арманының орындалғанын айтып, желіде жазба жариялады.
“Сүйінші! Аяулы арманымның бірі орындалды! Авторлық кітабым жарық көреді! Иә, сіз дұрыс бағамдадыңыз! Мен бұл күнді, осы сәтті ұзақ күттім! Бұл жай ғана кітап емес, менің жанымның айнасы, ішкі үнім, осыған дейінгі айтылмаған сыр, жеткізе алмаған ойларымның жиынтығы”, – деп жазды блогер.
-
"Ескі машина берді деп шулағандар, қайдасыңдар": Фариза Төреәлі ата-енесіне ерекше сыйлық жасады
-
"Құны – 10 миллион теңге": Фариза Төреәлі күйеуінің сыйлығын көрсетті
Алайда желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, су жаңа туындыны аямай сынның астына алды.
“Фаризаның кітабы да, блокноты да – маркетинг”, “Ақбілек” романы тиын болып қалды”, “Блогерлердің кітап жазатын не әдеті”, “Фариза, сен кітап жазатын білім алдың ба?! Америкада 2 жыл тұрып келдің. Дипломың мен оқыған біліміңді көрмедік. Жанталасып сессия да тапсырмадың. Америкада да брендтермен ғана мақтандың, Адамда білім болуы керек. Мектеп бітіре салып, күйеуге тидің. Бакалаврдың да білімі жоқ. Ұят емес пе?!”, – деп жазды көпшілік.

"Актер Жан Байжанбаев жарнамалаған": Алматылық ана қызының киноға түсуі үшін кастинг компаниясы 1,5 млн теңге несие алдыртуға мәжбүрлегенін айтты
