Ақ үй Ресейдің Украинаға үш жағынан шабуыл жасауға дайындық жасап жатқанын мәлімдеді
Ақ үйдің беделді өкілі журналистерге АҚШ билігі Ресейдің Украинаға үш жағынан: оңтүстіктен, батыстан, сондай-ақ солтүстік-шығыстан шабуыл жасауға дайын екендігі туралы мәліметтерден хабары бар екенін айтты. Бұл туралы американдық БАҚ хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз президент Путиннің бұйрық бергенін білмейміз, оған қатысты нақты мәліметтеріміз де жоқ... Бірақ бізге жоспарлары айқын көрініп тұр. Әскерлердің қозғалысы Украинаның айналасындағы батальондық тактикалық топтардың жанына, оңтүстік, батыс және солтүстік-шығыс шекаларға орналастырылғанын байқаймыз", — деді Ақ үй өкілі.
Ол АҚШ Ресейдің қосымша әскери күштерінің Украинаның шекарасынан әртүрлі аудандарда қозғалатынын көретінін айтып сендірді.
Сондай-ақ Ақ үй АҚШ "Украинаны басып алған"жағдайда Ресейге қарсы әскери күш қолдануды жоспарламағанын айтты. Сонымен бірге егер мұндай болжам орындалса, Пентагон НАТО-ның шығыс қапталындағы одақтастарға әскери көмек көрсетуге дайын.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"