Ақ үй Иранға жасалған соққының бір реттік операция екенін мәлімдеді — БАҚ
Фото: The White House
Дональд Трамптың әкімшілігі Иранға жасалған соққының бір реттік операция екенін жеткізді. Сонымен қатар екі апта ішінде Израильмен арада бейбітшілік орнамаса, соққы жасау жасалатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп елге жасаған ресми үндеуінде Ирандағы үш ядролық нысанға — Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы объектілерге — соққы берілгенін жариялады. Оның айтуынша, бұл нысандар толықтай жойылған.
Трамп өз мәлімдемесінде Иран Израильмен бейбіт келісімге келмесе, АҚШ жаңа шабуылдар жасауға дайын екенін қадап айтты.
"Егер жақын арада бейбіт келісім болмаса, біз басқа нысандарды да тез, дәл әрі кәсіби түрде атқылаймыз", — деді ол.
АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылына байланысты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да мәлімдеме жасап, Дональд Трампқа қабылданған шешім үшін алғысын білдірді. Ол бұл соққылардың тарихтың бағытын өзгертетінін айтты.
Сонымен қатар The Wall Street Journal басылымы АҚШ-тың Иран билігіне шабуылдың тек бір реттік операция екенін және Тегерандағы режимді өзгертуге бағытталмағанын ресми түрде хабарлағанын жазды. Ақ үйдің жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасаған басылым АҚШ әкімшілігінің бұл шабуылды Иранға күтпеген қысым жасау мақсатында жүзеге асырғанын атап өтті.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Иранға екі апта мерзім беріп, талаптар орындалмаған жағдайда әскери әрекетке баратынын ескерткен болатын. Алайда 21 маусым күні АҚШ президенті Иранның ядролық нысандарына соққы жасау туралы шешім қабылдады.
"Мақсат — ешкім күтпеген сәтте әрекет ету еді", — деді Ақ үй өкілі.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
