Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Эйр Астана" ұшағы жолаушыларды таңғалдырды: Қозғалтқышы басқа әуе компанияның бортынан алынған (видео)

Желіде Air Astana әуе компаниясы ұшағының Fly Arystan-ның қозғалтқыш бөлігін салып алғаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Журналист Михаил Козачковтың сөзінше, елімізде авиация саласында мұндай мысалдар жеткілікті. 



“Әуе қызметі саласындағы тағы бір мысалды айта кетейін. Алматы әуежайында бірнеше Фоккердің қозғалтқыштары алынып, олар Bek Air ұшақтарына орналастырылды. Бөлшектелген ұшақтардың иесі полицияға арыз жазғанымен, құқық қорғау органдары бес жылдан бері қылмыскерлерді таба алмай келеді”, – деп жазды журналист. 

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Air Astana әуе компаниясынан пікір сұрап көрді. 

“Air Astana және FlyArystan әуе компанияларындағы A320NEO ұшағына орнатылған PW1100 қозғалтқыштарын толығымен алмастыруға болады. Демек бір қозғалтқышты екі тасымалдаушының да ұшақтарында пайдалануға болады дегенді білдіреді. Бұл тәжірибе авиацияда кеңінен қолданылады және қозғалтқыштарды алмастыру деп аталады. Ол флотты тиімді басқаруға және бірқалыпты жұмысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, –делінген әуекомпанияның хабарламасында.

Әуекомпанияның мәліметінше, "Эйр Астана" да, FlyArystan да техникалық қызмет көрсетудің қатаң стандарттарын сақтайды. Барлық құрамдас бөліктер мұқият сыналған және ұшу кезінде қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету үшін ең жоғары талаптарға жауап береді. 

Талқылау