Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana Түркияға билет алған жолаушыларға рейсті ауыстыруды немесе толыққанды ақшаны қайтаруды ұсынды

Air Astana Түркияға билет алған клиенттеріне билетті қайта брондау немесе ақшаны толыққанды қайтаруды ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұшақ билеті

"Эйр Астана Қазақстаннан Ыстамбұл мен Анталияға және кері рейстерге билет сатып алған жолаушыларға 2023 жылдың 6 ақпанын қоса алғанда, 2023 жылдың 15 наурызына дейін бір сыныптағы рейстерге бір реттік тегін қайта брондау немесе төлем ақысын толық қайтаруды ұсынады", – делінген хабарламада.

Осы сұрақтар бойынша билеттерді сатып алу орнына немесе help.airastana.com сайтына хабарласыңыз.

"Эйр Астана Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", – деп қосты компания.

6 ақпан күні таңертең Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуатты жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7,4-7,8 болатын бастапқы дүмпулерден кейін Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде орын алған бірнеше рет қайта дүмпулер орын алды.

Талқылау