Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana Таяу Шығыс бағытындағы тоқтатылған рейстердің уақытын тағы ұзартты

Фото: avianews.com

Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы жоспарланған әуе рейсінің күші жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Air Astana әуекомпаниясы 24 маусымға жоспарланған келесідей әуе рейстері тоқтылғанын айтты.

  • KC205/206: Астана – Дубай – Астана
  • KC897/898: Алматы – Дубай – Алматы
  • KC551/552: Шымкент – Доха – Шымкент (чартерлік рейс)

Жолаушыларға билеттерді тегін қайта броньдау немесе толық көлемде ақшасын қайтару мүмкіндігі ұсынылады.


Қазақстандықтар Мысыр мен БАӘ жолдамаларынан бас тарта бастады: Туроператорлар қымбатшылыққа алаңдаулы


Иран АҚШ-тың Сириядағы әскери базасына соққы жасады – БАҚ


Еске салайық, бұған дейін 23 маусымда Air Astana әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты бірнеше халықаралық рейсті уақытша тоқтатты. Бұл шешім Атырау, Астана және Алматы қалаларынан Дубай мен Дохаға бағытталған келесі рейстерге қатысты: KC191/192, KC205/206, KC897/898 және KC655/656.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 23 Маусым, 2025 17:25
Талқылау