Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana рейстері Иранды айналып ұшатын болды

Фото: Air Astana

Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып ұшатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы авиакомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағыттарындағы рейстер Иранның әуе кеңістігін айналып өтумен жүзеге асырылады", – делінген хабарламада.



Еске салсақ, бұған дейін Иранда ұлттық валюта құлдырап, жаппай наразылықтар басталғаны, сондай-ақ наразылық акцияларының соңы тәртіпсіздік пен тонауға ұласқаны туралы жазған едік. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілерге оқ атқан жағдайда, оларға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Осы мәлімдемеден кейін Иран өздеріне шабуыл жасалса Израиль мен АҚШ базаларына соққы беретінін ескертті.

STAN.KZ
Бейсенбі, 15 Қаңтар, 2026 10:40