Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana уәдесінде тұрмады: Билеттерінің құны 45-49%-ға өсті

Air Astana әуекомпаниясы бағаны төмендетуге уәде бергенімен, керісінше негізгі бағыттар бойынша билет құны 45-49%-ға өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

эйр астана

Air Astana" АҚ 2021 жылы мынадай міндетті шарттармен транспаренттілік туралы декларация қабылдаған.

1) 2022 жылы 1 мамырға дейін тұрақты бағаларды сақтай отырып, ішкі маршруттарға ең жоғары бағаларды 10%-ға төмендету;

2) Орташа бағадан төмен бағалар бойынша билеттердің кемінде 70% реализ сату;

3) Тарифтік топты багажсыз таңдаусыз таңдау мүмкіндігі .

2022 жылы декларацияда көзделген мерзімдер өткеннен кейін жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша бағаның өсуі байқалады.

“Бағалар мониторингі әуекомпаниялар жүзеге асыратын 43 бағыт бойынша жүргізілді. Мәселен, негізгі бағыттар бойынша мыналарды көрсетті (2021 жылдың I тоқсанымен және 2022 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда): Алматы – Астана-Алматы өсім – 45%; Шымкент-Астана-Шымкент өсім – 49%; Шымкент-Алматы-Шымкент өсім – 48%", – делінген есепте,

2015 жылдың қазан айында ішкі қатынастағы жолаушылар әуе тасымалы нарығы мемлекеттік реттеу саласынан шығарылды.

“Қазіргі уақытта әуекомпаниялардың билеттерінің бағасы сұраныс пен пайдаланушы туралы деректерге сүйене отырып, баға белгілеудің нарықтық тетіктері негізінде қалыптастырылады. Онда динамикалық баға белгіленеді. Сұранысқа, билетті сатып алудың уақытына, рейсті орындау аптасының күніне, рейстің ұшу уақытына және т. б. байланысты билет құны көтеріліп, төмендеуі мүмкін", – деп түсіндірді ведомствода.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше, "Динамикалық баға белгілеу" қағидатына сәйкес билеттердің бағасы сату динамикасын, рейстер туралы тарихи деректерді, бағаларды, сұраныс деңгейін, басқа тасымалдаушылардың бағаларын ескере отырып, бар бәсекелестік жағдайында ғана қалыптастырылуы тиіс.

“Жоғары сұраныс кезеңінде жекелеген компаниялардың динамикалық баға белгілеу жүйесі арзан тарифтер бойынша бос орындарды сатуды бұғаттайды. Жоғары сұраныс кезеңінде билеттерді бойынша сататын жағдайлар анықталды", – деп назар аударды БҚДА.

Ведомствоның мәліметінше, негізгі шығындардың – бірі отын, оның деңгейінің өзгеруі жолаушылар үшін билеттің түпкілікті құнына айтарлықтай әсер етеді.

"Энергетика министрлігінің деректері бойынша отандық әуеотын өндірісінің ең жоғары көлемі – жылына 650 мың тонна. Отандық компаниялардың авиаотынды тұтынуы жылына миллион тоннадан асады. Тиісінше, отын өндірісінің тапшылығы байқалады. "Әуе кеңістігін пайдалану туралы" заңның 76-бабының 9-тармағына сәйкес, авиациялық отынға жұмсалатын шығындардың өсуін өтеу мақсатында осы өсімді есепке алу мүмкін емес, отын алымы алынады", – делінген құжатта.

Бұл ретте Энергетика министрлігі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, делдалдық қызметтерді болдырмау және әуеотынның үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында өндірілген отын көлемін тікелей әуекомпанияларға бөледі. "Petrosun" ЖШС отынықұнының құбылмалылығы 2020 жылы шамамен 30% болған", – деп атап өтті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Талқылау