Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел ұлын емдету үшін қызын құрбандыққа шалған

Әйел ұлы үшін туған қызын құрбандыққа шалғанФото: Freepik.com

Үндістанның Кусумбха ауылында полиция оккультист әйелдің кеңесімен өз қызын құрбандыққа шалған 35 жастағы Решми Девиді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News9live-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Решмидің кенже ұлы психикалық және физикалық дертке шалдыққандықтан, әйел өзін оккульттік рәсімдердің шебері санайтын 55 жастағы Шанти Девиге жиі барып жүрген. Бір күні Шанти оған ұлының толық жазылуы үшін пәк қызды құрбандыққа шалу керек екенін айтқан. Осыдан кейін Решми өз қызын құрбан ету туралы шешім қабылдаған.

Ауылда фестиваль өтіп жатқан түні Решми қызын өлтірген. Оған бұл істе Шанти мен Бхим Рам есімді 40 жастағы ер адам көмектескен. Кейін олар қыздың денесін бақшаға көмген.

"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды

Оқыңыз

Қыздың жоғалып кеткені белгілі болған соң, тергеу басталды. Нәтижесінде полиция құрбандыққа шалуға қатысы бар үш адамды да ұстады.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 08 Сәуір, 2026 14:45