Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ел мені шегеді, наркоман деп ойлайды": Ахан Отыншиев өзіне айтылатын жағымсыз пікірлерге жауап берді

"Шудың бойында" деп ән шырқап танылған Ахан Отыншиев "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына келіп ашық сұхбат берді. Анашаны қай жасынан бастап шеге бастағаны, оқ тиіп, өлім мен өмір арасында қалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ахан отыншиев

Анашаны қанша жасыңыздан бастап шеге бастадыңыз деп жүргізушінің төтесінен қойған сұрағына:  

"Қай жаста екенін ұмытып қалыппын. Шегіп жатқан балалардың жанында тұрсаң да шеккен адамдай үйіңе жете алмай қаласың. Әкем қаталдау болды. Шегіп, отырып қалып деген болмаған. Осы сұрақты дұрыс қойдыңыз. Ел мені шегеді, наркоман деп ойлайды. Бір жағынан мейлі деп мән бермей жүресің. Ешкімге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ. Бірақ сырттан естіп жатамын неше түрліні. Шудан келген соң ба, әлде түрім ұқсай ма жұрт сондай әңгімені айтып жатады", - деп жауап берді Ахан Отыншиев. Сондай-ақ соңғы рет анашаны аузына қашан алғанын да айтып қалды. 

"2008 жылы бір көргем. Шуда жүрген соң татып көресің", - деген ол қазір дін жолында екенін, аузына татып алмайтынын айтты. 

"Дінде болған соң, харам нәрселерге, анаша мен есірткіге қарсымын. Анашаны жарнамаламаймын. Енді көзіміз ашылып жатыр. Дінге кіргелі харамға жоламаймын", - дейді әнші. 

Әнші Ахан Отыншиев бір кездері отқа ұшып, өлім мен өмір арасында қалғанын айтты. 

"Ойнап жүріп атысқанбыз. Пневматикалық тапанша бар ғой, торғай, қырғауыл ататын содан оқ тиді. Ондай жағдай болып, оқ тигені рас. Қан көп кетті. Пневматилық тапшаның оғы майда болады. Көбірек оқ тиіп, қан көп жоғалтқанмын", - деген Отыншиев дәрігерлердің көмегімен аман қалғанын айтты. 

STAN.KZ
Жұма, 31 Қаңтар, 2020 10:35
Талқылау