Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағзаны күрішпен қалай тазалаймыз?

Ағзаны тазалау – денсаулық сақтаудың ең жақсы тәсілі. Тазаланудың қолжетімді әдісінің бірі – күрішпен тазалану. Оны жылына 1-2 рет екі аптадан бір айға дейінгі мерзімде жасау керек.

2img_4_3-728x549

Нәтижесі бірнеше күннің ішінде көрінеді. Тұла-бойыңыз жеңілдеп, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Зат алмасуды, бауыр мен бүйректің қызметін жақсартады, буындарды, тамырларды, теріні тазартады. Артық салмақтан да біртіндеп құтыласыз.

Күрішпен тазаланудың құпиясы
Ағзаны тазалау күріштің сіңіріп алу қасиетіне бағытталған. Крахмал мен балауыздан арылған жібітілген күріш ағзадағы керексіз заттарды өз бойына сіңіреді. Тазалануға өңделмеген күрішті пайдаланған абзал. Тұзсыз диета күріштің әсерінін арттырады. Ағзаны тазалау барысында спирттік ішімдік пен темекіден бас тартқан жөн. Майлы, сүрленген, ащы тағамдарды да шектеу керек.

Күрішті дайындау тәсілі
Күріштің тазалау күші арту үшін крахмал мен балауыздан артылту қажет. Ол үшін 5 стаканды номерлеңіз. Себебі күріштің дайындалуына 5 күн кетеді. Тек алтыншы күні ғана ағзаны тазалауды бастай аласыз.

Бірінші күн.
№1 стаканға 2-3 ас қасық күріш салып, үстіне суық су құямыз.

Екінші күн.
№1 стакандағы күрішті дұрыстап жуып, суық су құйып, бетін жауып қоямыз. №2 стаканға 2-3 ас қасық күріш салып, үстіне суық су құямыз.

Үшінші күн.
№1 және №2 стакандағы күрішті жуып, үтіне таза су құямыз. №3 стаканға күріш салып, су құямыз.

Төртінші күн.
№1-3 стакандағы күрішті жуып, суын ауыстырамыз. №4 стаканға күріш салып, су құямыз.

Бесінші күн.
№1-4 стакандардағы тәртіпті қайталаймыз. Сол сияқты №5 стаканды дайындаймыз.

Алтыншы күн.
№1 стакандағы күрішті тұз, қант, май – ештеңе қоспай әзірлейміз. Ал босаған стаканға 2-3 ас қасық күріш салып, бұқтырып қоямыз. Егер гастрит, асқазанның ойық жарасы сияқты аурулармен ауырмайтын болсаңыз, күрішті пісірмей жеу керек. Күрішке қайнаған су құйып, 15-20 минут бұқтырамыз. Бұл жағдайда күріштің тазалаушы қасиеті жоғары болады.

Піспеген күріш ағзаны тұздар, холестерин мен қоқыстардан ғана тазалап қоймайды, сонымен қатар іштегі паразиттерді кетіреді, деп жазады медицина ғылымдарының докторы Жасан Зекейұлы желідегі парақшасында.

Тағы да оқыңыз:

Әрбір дерттің қандай сыры бар: Уайымын сыртқа шығармайтындардың бауыры ауырады

Қан тапсырудың денсаулыққа пайдасы қандай?

Дәрігерлер: Адамның оң жақпен және шалқасынан жатып ұйықтауы денсаулығына зиян

Талқылау