Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағза мүшелеріңді ұрлап алғанын қалайсың ба? Алматыда "Денсаулық кодексіне" қарсы митингі өтті

18 қыркүйек, жұма күні Алматыдағы «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы алаңда бейбіт митинг өтті. Ұйымдастырушы - балалар дәрігері Қайырғали Конеев, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Денсаулық кодексіне және медицинадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы рұқсат етілген митингіге шамамен 80 адам жиналды.

Адамдар міндетті вакцинацияны алып тастап, даулы вакциналарды Кодекстен шығаруды талап етті.

Бейбіт митинг ұйымдасқан түрде өтті. Жиналған митингшілер Кодекстке бірқатар өзгерістер енгізуге талап етті.

Республика Конституциясының 33-бабымен кепілдендірілген мемлекеттік істерді басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыра отырып, Кодекстен төмендегі номаларды алып тастауды сұрады:

  • кез келген адам міндетті вакциналар алуға міндеттемесін;
  • жасына шек қоймаған балалардың репродуктивті денсаулығын қорғау туралы ақпарат алу құқығын күшейту, бұл олардың жыныстық тәрбиесін білдіреді;
  • балаларға 10 жастан бастап құпия (ата-анасыз) психикалық және репродуктивтік денсаулық сақтау қызметтерін ұсыну;
  • мектеп және мектепке дейінгі медицинаны енгізу;
  • анық емес критерийлер бойынша мәжбүрлі психиатрияны қабылдау;
  • азаматтарды профилактикалық медициналық тексеруден және скринингтік тексерулерден өтуге міндеттеу;
  • адамның келісім презумпциясы негізінде өлімнен кейінгі мүшелерді алуға мүмкіндік беру,
  • адам ағзалары мен тіндерін Қазақстан халқына қажеттілігін сылтауратып, сондай-ақ диагностикалық және ғылыми мақсаттар үшін шетелге әкетуге рұқсат беру,
  • медициналық қызметті көрсетудің цифрлық нысанын, сондай-ақ медициналық деректерді адамның келісімінсіз цифрландыруды қамтамасыз ету;
  • дау-дамайсыз сандық денсаулық паспортын тағайындау,
  • санитарлық дәрігерлердің жеке және кәсіпкерлік қызметті шектеу құқықтарын кеңейту;
  • медицинадағы сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасау

Жиналғандар азаматтық қоғам өкілдерімен біріге отыра, осы мәселелерді талқылау үшін жұмыс тобын құруды сұрады. Сондай-ақ, осы талқылаудың нәтижелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне Халық денсаулығы кодексіне және денсаулық сақтау жүйелеріне өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлеуді тапсыруды талап етті. Мұндай заңның қабылдануын республикалық референдумға ұсыну қажеттілігін атап өтті.

Бастамашыл топтың жетекшісі Марина Шаймаханова алғашқылардың бірі болып сөз сөйледі.

Әйел екпені міндеттеу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екендігін айтады. Айтуынша, сәбиі екпе еккен соң көз жұмған. 
"Олар бізге жанама әсері нәтижесінде пайда болатын қайтымсыз процестер туралы алдын ала айтуы керек. Балаларға жыныстық тәрбие беру туралы норма да сынға алынады. Олар оны кодекстен толығымен алып тастауды талап етті", - дейді Шаймаханова.

Ата-аналар қозғалысының белсендісі, Қарағандыдан арнайы келіп мектептегі жыныстық сауаттылық жайлы сөз қозғады.

"Бесінші сынып оқушылары сауықтыру орталықтарына келіп, жасырын түрде ата-аналарынан жыныстық қатынасқа түсуе отыра, балалы болмаудың жолдары жайлы кеңес ала алатын болып тұр", - дейді наразы Анастасия Машнина. 

Кодексте он жастан он сегіз жасқа дейінгі жеткіншектер гинекологтарға ата-аналарымен бірге учаскелік дәрігерге бара алады, осылайша терапевтті айналып өтіп, құжаттарды рәсімдеуге байланысты кідірісті азайта алады делінген.

Талқылау