Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағылшынша әнге бейнебаян түсірген Қайрат Нұртас сынға қалды (видео)

Қайрат Нұртас інілері мен балаларының өнер әлеміне келгенін қаламаған. Алайда соған қарамастан, хитменнің кіші інісі Заңғар бүгінде ағасымен бірге ән айтып жүр. Тіпті, алғаш рет бейнебаянға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ағылшынша әнге бейнебаян түсірген Қайрат Нұртас сынға қалды (видео)

My Universe әнінің тұсауы Қайраттың Алматыдағы отбасылық концерті кезінде кесілген болатын. Тыңдармандарына тағы да жаңашылдық ұсынғысы келген Қайрат бұл жолы “бір оқпен екі қоянды” атуды көздеген. Бір жағынан, алғаш рет ағылшын тілінде ән жаздырса, екінші жағынан інісін сахнаға алып шыққан ол дәл бүгін аталған туындыға түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті.

Гәкку арнасының YouTube-тегі парақшасында жария болған клипті аз уақытта 10 мыңға жуық жан тамашалап үлгеріпті. Бұл орайда тыңдармандар пікірі қақ бөлінді. Көпшілігі Қайраттың кәсіби маман екенін, алайда ағылшын тіліне келгенде ақсап қалғанын жазған.
“Қайраттың шығармашылығын құрметтеймін, бірақ ағылшын тілімен жұмыс істеуі керек”, – деп пікір білдірді. Ақтоты Момбекова есімді тыңдарман.

“Қайрош, осы қазақша айта бересің-ау деймін”, – деп қоштады Бейбіт есімді екінші тыңдарман.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр