Пәнді ағылшын тілінде өткізетін мұғалімдерге 25 пайыз үстеме жалақы төленеді
2019 жылдан бастап ағылшын тiлiндегi пәндердiң мұғалiмдерiне үстемақы төленедi. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әлеуметтік және білім салаларында жүзеге асырылуына арналған брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл ағылшын тілі курстарына 12 мың мұғалім жазылған. Оның ішінде 4 мың мұғалім ағылшын тілі курстарын бастап кетті. Жаңа оқу жылынан бастап 8 мың мұғалім курстарын бастайды. Оның әртүрлісі бар 3, 6, 9 ай болып бөлінеді. Егер мұғалім 9 айлық курстан өтетін болса, онда оның жұмыс орны, жалақысы сақталып, қосымша шәкіртақысы төленеді. Жол шығыны өтеледі. Курсты аяқтағаннан кейін ағылшын тілінде сабақ бере алатын болса жалақысына 25 пайыз үстеме қосылады»,- деді Ерлан Сағадиев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады. Сондықтан қазірден бастап сол пән мұғалімдері тілдік курстарын оқып жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Колледжде қалай тегін оқуға болады?
Білім министрі Мұхтар Тайжанмен пікірсайысқа түсуден бас тартты
12 жастағы компания басшысы бизнесті қалай дамыту туралы кеңес берді