Аграрлық несие корпорациясы сақтандыру құралдары арқылы қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтеді

Аграрлық несие корпорациясы икемді қаржылық шешімдерді енгізе отырып, отандық агробизнесті қолдау көлемін арттыруды жалғастырады. Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігімен (ЭКА) ынтымақтастықты тереңдетудің арқасында корпорация саланың басты проблемаларының бірі – кепіл жетіспеушілігі мәселесін шеше отырып, экспортқа бағдарланған кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Биыл қараша айында Аграрлық несие корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы ірі жобаны сәтті қаржыландырды. Жаңа механизмнің алғашқы бенефициары "Май-Дел" компаниялар тобы болды. Бұл мәміле ЭКА серіктестік ұйымынан
"Қарызды сақтандыру" құралын қолданудың арқасында іске асты. Көптеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін кепіл тапшылығы несие алу кезінде тежеуші факторлардың бірі болып келеді. Аграрлық несие корпорациясы нарықтың қажеттіліктерін ескере отырып, осы кедергіні жоюға мүмкіндік беретін құралдарды белсенді қолданады.
Ынтымақтастық аясында Аграрлық несие корпорациясы "Агробизнес" бағдарламасы бойынша қажетті кредиттік ресурстарды ұсынып, қаржылық серіктес рөлін атқарады. Өз кезегінде Экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыру кепілдіктерінің жетіспейтін бөлігін жабады, корпорация үшін несие тәуекелдері едәуір төмендетіледі және мәміленің қауіпсіздік деңгейі жоғарлайды.
Нәтижесінде кәсіпорындар айналым қаражатын толықтыруға, шикізатты, оның ішінде бордақылау арналған еркек тайыншаларды, жем-шөпті сатып алуға және экспортталатын өнім көлемін ұлғайтуға қаржы алды. Бұл несиелеудің стандартты шарттарымен жасалса қиындық тудырар еді.
Процестерді оңтайландырудағы маңызды қадам Аграрлық несие корпорациясы мен Экспорттық-кредиттік агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі регламентке қол қою болды. Енді қаржыландыруға өтінімдерді қарау және қамтуды бағалау процестері қатар жүреді.
Клиент үшін бұл "Бір терезе" қағидаты бойынша атқарылатын жұмыс: қарыз алушы Аграрлық несие корпорациясына қаржыландыру жөнінде өтінім берсе жеткілікті, ал сақтандыру қорғау мәселелерін қаржы институттары дербес пысықтайды. Бұл шешім қабылдауды едәуір жылдамдатады және бюрократиялық процедураларды жеңілдетеді.
"Бәйтерек" холдингінің еншілес компанияларының синергиясы фермерлер үшін жаңа көкжиектер ашады және саланың дамуына қуатты серпін береді. Біз қазірдің өзінде "Даму" қорымен қарыздарға кепілдік беру бойынша табысты жұмыс тәжірибесіне қол жеткіздік және қазір бұл тәжірибені "KazakhExport" құралдары арқылы кеңейтіп жатырмыз. Қарыздарды сақтандыру – біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін өте маңызды механизм. Бұл кәсіпкердің өзінің кепіл базасы жетіспейтін болса да, перспективалы экспортқа бағытталған жобаларды қаржыландыруға бөлінген "ұзақ" және қол жетімді қаржыны алуына мүмкіндік береді. Агроөнеркәсіп кешеннің экспорттық әлеуетін арттыруға көмектеседі және тұтастай алғанда елдің ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал етеді", – деді командалық жұмыстың маңыздылыған тоқталған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Молдашев.
Бірлескен қолдау тетігі саланы одан әрі қаржыландыруға негіз қалыптастырды. Қазір Аграрлық несие корпорациясы түйіршіктелген құрама жем, ет өнімдері мен консервілердің экспортын ұлғайтуға бағытталған бірқатар жаңа жобаларды қарастыруда. Құрылған кооперация Аграрлық несие корпорациясының бизнес сұраныстарына жедел ден қоюына және мемлекеттің шикізаттық емес экспортты дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттарын қолдай отырып, сапалы кредиттік портфелін ұлғайтуына мүмкіндік береді.
"Ақыл-ойы кемістігін пайдаланып алдаған": Жамбыл облысында зорланып, жүкті болып қалған оқушының анасы 6 айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр