Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағасы мен қарындасы әйгілі Дракула қорғанында табыттың ішінде түнеп шықты

Жастарға Брэм Стокердің «Дракула» романында айтылатын бекініс ғимаратының бөлмелерін аралауға рұқсат беріліп, кешкі ас ұсынылды.

c0963e9c9f0ec9ce6d200c35d96f3b13__1440x

Канадалық ағалы-қарындасты Тами мен Робин Варма халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Бас жүлдені жеңіп алған ағайындылар Трансильваниядағы Дракула қорғанына түнеп шығуға жолдама алды. Жастар Хэллоуин түні балауыз жағып, кешкі ас ішіп, одан қалса табытта ұйықтады, деп хабарлады Лайф.

Ерекше байқауды Airbnb тұрғын-үйді брондау сервисі ұйымдастырған. Сайыс барысында қатысушылар танымал қансорғышпен бетпе-бет жүздескен жағдайда айтар сөздерін ойдан құрастырған.

Fox News телеарнасының хабарлауынша, Тами мен Робиннің жеңіске жетуіне олардың марқұм аталары себепші болған. Көзі тірі кезінде Девендра Варма граф Дракула туралы готикалық әдебиет жанрында қалам тербеген әлемдегі ең үздік мамандардың бірі болған.

«Біз атамызды шабыттандыра түскен қансорғышпен бір үйде қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық», – дейді 88 мың қатысушыдан озып шыққан ағайынды Вармалар.

Дракула қорғанына Тами мен Робин дилижанспен келді (көп орынды жабық пәуеске ат арба). Оларды ирландиялық жазушы Брэм Стокердің жиен шөбересі күтіп алды. Кешкі асқа Вармаларға тауық етінен жасалған паприкаша тағамы (дәл осы тағам түрі туралы Стокердің романында айтылады), трансильваниялық сүрленген ірімшік, жеміс-жидектер мен ішімдік ұсынылды.

Айта кетейік, Тами мен Робин соңғы 70 жылда Дракула қорғанында түнеген алғашқы жандар.

Жіберіп алмаңыз: 

Канадалық азамат бейтаныс қызға бауырын беріп артынша оған үйленді (фото)

Тікелей эфир барысында ер адам “абайсызда” әйелдің төсін ашып жіберді (видео)

Бойжеткен 20 жігіті сыйлаған iPhone 7 телефонының ақшасына үй сатып алды

Телефон қуатының неліктен тез таусылып қалатынын білесіз бе?

Талқылау