Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ағайын мен ата-ененің ақ батасын алды": Гүлзира Айдарбекова ортаншы келініне арнап жазба жариялады

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы келінінің туған күнімен ерекше құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Блогер келін Айгерім Сәркенова – өнерлі отбасының ортаншы ұлы Аянның келіншегі. 

“Бойында инабат, жүрегі мейірімге толы, әр жақсылыққа шын қуана білетін, қашан да үлкен-кіші демей кешіріммен қарап, ата-анасын құрметтеп, разылығын алып, аяулы жар бола білген көркем мінезді, бүкіл ағайын мен ата-ененің ақ батасын алған келінім сені туған күніңмен шын жүрегіммен құттықтаймын ботам! Қандай мақтау болсын бәріне лайықсың”, – деп жазды продюсер.



Сондай-ақ келінінің ата-анасы құда мен құдағиына да алғыс білдіріп, тәрбиелі қыз туғандары үшін алғыс айтты. 

“Саған деген бәрінің шынайы махаббатына өзіңнің даналығыңмен жеттің. Сені өмірге алып келген құдам мен құдағиыма алғысым шексіз! Тек көз тимесе екен, Ақмөр және НұрАли немереміздің артынан ұл-қыз еріп үлкен әулетті абзал ана болып, қара балам, дара баламның құшағында 100 жасап, екі дүниенің бақытын көруіңді жазсын Алла", –  деп жазды Қайрат Нұртастың анасы. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова келіндерінің блогер болуына ықпал еткенін жасырмаған еді. 

Талқылау