Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ағаштардың арасына сүйреп алып кеткен": Қарағанды облысында зорланған 8 жастағы балаға қатысты тың деректер белгілі болды

Қарағанды облысындағы 8 жастағы баланы өзінен бір жас кіші қатарластары зорлаған болуы мүмкін. Бұл туралы жәбірленушінің туысқаны айтып берді. Бастауыш сынып оқушысының соңғы күндері көңілі құлазып, еш нәрсеге қызығушылығы қалмаған. Тіпті анасына ұятты жерін жуғызудан қашқақтайтын болған. Ал жергілікті полиция департаменті мен білім басқармасы зорлық фактісін жоққа шығарып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысында 8 жастағы баланы төртінші сынып оқушылары зорлаған. Бұған қоса жан түршігерлік әрекеттерін камераға түсіріп, бейәдеп видеолар қарауға мәжбүрлеген. Осындай сұмдық ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды Өңірлік білім басқармасы зорлық фактісін жоққа шығарып отыр. Бірақ камераға қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

"Жәбірленушінің анасы зорлық фактісін жоққа шығарып отырған жоқ. Ол аздай, Білім басқармасы да бір жағынан қысым көрсетіп жатқан көрінеді. Мұндай сұмдық жайттарды мектептің аумағынан шығарғылары келмейді әрине. Сіздердің қылмысты жасыруға ешқандай да қақыларыңыз жоқ!", - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында "Не молчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі.

Жәбірленушіні әкесі психологиялық сараптамаға алып кеткен. Ал қарт анасының денсаулығы сыр беріп, ауруханада жатыр. Арна тілшілерімен байланысқа шыққан туысқандарының бірі оқиғаға қатысты сұмдық жайттардың бетін ашты.

"Баланы соңғы күндері анасы жуындырып жүрген. Ұятты жерлерін жуғызбай, қашқақтайтын көрінеді. Үнемі еңсесі түсіп жүреді, тіпті сыртқа шығудан қалған. Ештеңе де қызық емес. Оқиға сабақ уақытында емес, далада ойнап жүргенде болған. Қорқытып, ағаштардың арасына сүйреп алып кеткен. Біз үлкен балалар деп ойладық. Белгілі болғандай, өзінен бір жас кіші екі ұл бала. Екеуі күш көрсеткен", - деді жәбірленушінің туысы.

Ең қорқыныштысы, бұл  мектеп жасындағыларға қатысты жалғыз жайт емес. Шымкентте 12 жастағы бала 4 пен 8 жас шамасындағы бес баланы екі ай бойы зорлап келген. Ал Түркістанда үш жасөспірім 14 жастағы баланы қорлаған. Арада екі жыл өтсе де жәбірленушінің анасы әділдікке жете алмай келеді. Сот кінәлі екеуді ақтап алыпты.

"Сот шешімі алқа билердің шешімімен ақталып отыр. Мен әділдік іздеп келдім, осы қалаға. Сотқа келіспеймін", - деді жәбірленушінің анасы Сәуле.

Оның айтуынша, баланың жүйкесі зақымданған. Үлкен дәретін ұстай алмайды. Ашылып ештеңе айтпайды, үнемі күйзелісте жүреді. Қатарластары келеке қылған соң Түркістаннан Нұр-Сұлтанға көшіп келіпті. Ал ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыс саны артқан.

"Кәмелетке толмағандар ересек ер адамдармен жыныстық қатынасқа өзара келісім бойынша түскенін атап өткен жөн. Бұл қылмыстардың 40% жуығы 16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынас, оның 146-сы немесе 50 пайызы полиция денсаулық сақтау органдарымен жұмыс істеу барысында анықтаған", - деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті өкілі Дилбар Төлегенова.

Биыл кәмелетке толмағандарға қатысты 821 қылмыс тіркеліпті.  Осылайша өткен жылдармен салыстырғандағы өсім 4 пайызды құраған. Ал Қарағандыдағы зорлық фактісін арнамыз одан әрі бақылауда ұстайтын болады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Желтоқсан, 2020 11:56
Талқылау