Ағаштарда ілініп тұрған қансыраған мүсіндер Өскемен тұрғындарын шошытты
Өскеменде ағаштарда ілінген қансыраған адам мүсіндері тұрғындарды шошытты. Әлеуметтік желіде таралған оқиға орнынан суреттер Өскеменде Лесхоз аймағында түсірілген деген болжам жасалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Osa_uka_vko парақшасында мүсіндердің фотосуреттері жарияланды.
Zakon.kz-ке Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті берген түсініктемесінде бұған қатысты шағым түскенін хабарлады.
“Осы факті бойынша 20 тамызда Өскемен қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының "102" арнасына Лесхоз маңындағы алдыңғы бақшадағы ағаштарда тұлыптардың тұрғаны туралы хабарлама түскенін хабарлаймыз. Дерек Ертіс полиция бөлімінде тіркелді. Тексеру кезінде полиция қызметкерлері көрсетілген аумақтан тұлыптарды таппаған”, – деді басқармада.
Қазіргі уақытта "квест" қызметін ұсынатын ұйымдар, сондай-ақ Лесхоз ауданының тұрғындары сұралып жатқан көрінеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”