Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағаштар мен бұталар жанып кетті: Құрғақ шөпке өрт қойған қазақстандық жауапқа тартылды

Ағаштар мен бұталар жанып кетті: Құрғақ шөпке өрт қойған қазақстандық жауапқа тартылдыФото: Видеодан скрин

Қызылордада 1 сәуір күні күндіз “112” пультіне хабарлама түсіп, “Саяхат” шағынауданындағы Сталин каналының бойындағы тұрғын үйлерге өте жақын жерде құрғақ шөп, ағаштар мен бұталар өртеніп жатқаны хабарланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, құтқарушылар келгенде құрғақ шөп, ағаштар мен бұталар жанып, жанындағы әкімшілік және жеке тұрғын үйлерге таралуға аз қалған. 

Канал бойындағы өртті сөндіру үшін қайық жұмылдырылып, өрт дер кезінде толықтай сөндірілді. Осылайша қызыл жалын жан-жаққа таралмай, ғимараттарға зақым келтірмеді. 

“Өрттің шығуына себеп болған адам анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды”, – деп мәлімдеді Төтенше жағдай департаменті.

Ведомство қазақстандықтаржды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, құрғақ өсімдіктерді өртемеуге және ашық от көздерін қараусыз қалдырмауға шақырды.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 02 Сәуір, 2026 08:25