AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Африкада табылған омикрон штамының жаңа түрін анықтау қиын

Африкада қолда бар сынақтармен анықтау өте қиын омикрон штамының жаңа түрі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

омикрон

Бұл туралы бейсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының африкалық кеңсесінің аға вирусологы Никси Гумеде-Моэлеци мәлімдеді.  

"Омикронның BA.2 деп аталатын жаңа кіші түрі континенттегі бес елде анықталды. Ботсвана, Кения, Малави, Сенегал және Оңтүстік Африкада бұл түр таралған", –  деді ДДСҰ.

Өткен айда BA.2 Еуропада – Данияда анықталды. Даниялық ғалымдардың айтуынша, кіші түрдің таралу қабілеті жоғары.

Гумеде-Моэлеци BA.2 анықтау өте қиын екенін атап өтті, өйткені омикрон штаммын анықтауға арналған сынақтар оны анықтамайды.  

"Біз осы кіші түрдің нақты бейнесін алу үшін дүние жүзіндегі бірқатар зертханалармен жұмыс істеп жатырмыз", – деді ДДСҰ қызметкері.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр