Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АЭС салу бойынша референдум сәтті өтті деп есептелді: Сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берді

Қазақстанда 6,3 миллионнан астам адам, яғни 51,77 пайыз атом электр станциясын салуға қатысты референдумда дауыс берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mir24.tv

Орталық сайлау комитетінің мүшесі Сәбила Мұстафинаның хабарлауынша, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77 пайызы сайлау бюллетендерін алды.

"Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республика бойынша 6 миллирн 339 мың 425 азамат бюллетень алды", – деді Сәбила Мұстафина.

Өңірлер бойынша дауыс берген қазақстандықтардың саны пайызбен есептегенде келесідей бөлінді:

  • Абай облысында – 52,99%;
  • Ақмола облысында – 54,91%;
  • Ақтөбе облысында – 52,85%;
  • Алматы облысында – 59,32%;
  • Атырау облысында – 52,91%;
  • Батыс Қазақстан облысында – 50,52%;
  • Жамбыл облысында – 48,80%;
  • Жетісу облысында – 55,42%;
  • Қарағанды облысында – 59,92%;
  • Қостанай облысында – 61,54%;
  • Қызылорда облысында – 54,13%;
  • Маңғыстау облысында – 46,19%;
  • Павлодар облысында – 49,18%;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 48,00%;
  • Түркістан облысында – 67,38%;
  • Ұлытау облысында – 59,65%;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 61,73%;
  • Астанада – 45,19%;
  • Алматыда – 16,91%;
  • Шымкентте – 64,38%.

Фото: ОСК ҚР

"Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31-бабының 2-тармағына сәйкес референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан жағдайда референдум өтті деп есептеледі", – деді Сәбила Мұстафина.

Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Тізімдерге 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген. Референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім, егер ол үшін азаматтардың жартысынан көбі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

Талқылау