Қазақстанда АЭС салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады - министр
Биыл атом электр станциясын салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады. Бұл жайында Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр былтыр АЭС салуға мүмкіндік беретін технологиялардың тізімі жасалғанын айтты.
"2022 жылы Қытай, Корея, Ресей, Франция сияқты елдердің жеткізушілерінің тексерілген реакторлық технологиялардың қысқа тізімі жасалды. Биыл реактор технологиясын таңдау бойынша жұмыстар жүргізіледі. АЭС-ті орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы АЭС-ті салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады", - деді Болат Ақшолақов.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі