Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Қазкенов Алан Аманжолұлы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қазғарыштың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қазкенов А.А. Бұл қызметке цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жауапты хатшысының 2020 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығына сәйкес тағайындалды.

Қазкенов А.А., 1971 жылы туған, білімі жоғары: Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтін менеджмент және зымыран құрылысы мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996–2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған. 

2014 жылғы ақпан айынан 2020 жылдың қаңтарына дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының және Аэроғарыш комитеті төрағасының кенесшісі лауазымында қызмет атқарды.

Жұмыс бойынша халықаралық ынтымақтастық және ұлттық компания мен ғарыш ведомствосының даму стратегиясы мәселелерімен айналысты, ғарыш саласы, геодезия және картография бойынша ТМД мен ЕЭК мемлекетаралық кеңестері мен жұмыс топтарының жұмысына белсенді қатысты, Қазақстанның кеңістіктік деректерінің ұлттық инфрақұрылымын құру жобаларының бастамашыларының бірі, ЕАЭО Жерді қашықтықтан зондтау спутниктері топтарының жұмысына белсене қатысты, «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасын іске асыруға қатысады.

«Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басымдығы бойынша ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі болып табылады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Қаңтар, 2020 18:31
Талқылау