Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев ісі бойынша танылған адвокат Жанна Оразбақованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атышулы Бишімбаев ісіндегі Нүкеновтердің адвокаты Жанна Оразбақованың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/advokatzhanna

Ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады.

"Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тыйымға қарамастан, көрсетілген тұлғалар БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тергеу барысы туралы ақпарат таратқан", – делінген полицияның ресми мәлімдемесінде.

Сонымен қатар хабарламада "тергеу әрекеттерін қасақана бұзу және адвокаттардың процессуалдық шараларға міндетті қатысуын елемеу" фактілері де тіркелгені айтылған.


"11 жылдан кейін ажырастық": Жанна Оразбахова жеке өмірі туралы сыр шертті


Адвокат Жанна Оразбақова өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты пікір білдірді. 

"Алматы қаласы полиция департаментінің маған қарсы қозғаған қылмыстық ісі заңсыз, себебі мен іс материалдарын көрген жоқпын, таныс емеспін, оларды қалай жария ете аламын? Тергеу әлі жалғасуда. Ең бастысы, мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру құпиясын жарияламау туралы ешқандай міндеттеме алған жоқпын және бұл міндеттемесіз ешкім маған айып таға алмайды. Қазір қылмыстық істі заңсыз тіркегені туралы прокуратураға арыз дайындап жатырмыз. Сіздерді хабардар етіп отырамын”, – делінген Жанна Оразбақованың жазбасында.

Жанна Оразбақова жазбасында өзінің үстінен "Базис-А" компаниясының басшысы Александр Белович пен бұрынғы әйелі Лилия Анушина арасындағы сотқа қатысты “қылмыстық іс бойынша құпияны жариялады” деген күдікпен іс қозғалғанын атап өтті. Жанна Оразбақова сотта Лилия Анушинаның мүддесін қорғайды.

Алматы қалалық полиция департаменті Жанна Оразбақовамен қоса оның әріптесі Ғабит Бекітаевқа қатысты да қылмыстық іс қозғаған.

Еске салсақ, бұған дейін адвокат Жанна Оразбақова "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталғаны туралы жазған едік.

Талқылау